2000 ж. – Қызылорда облысы әкімінің кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты МҚК болып құрылды.
Негіздеме: Қызылорда облысы әкімінің 2000 жылғы 11 шілдедегі №260 шешімі
2002 ж. – «Облыстық кадрлар біліктілігін арттыру және ақпараттық технологиялар институты» МҚК болып өзгертілді.
Негіздеме: Қызылорда облысы әкімиятының 2002 жылғы 28 мамырдағы №249 қаулысы
2005 ж. – Қызылорда облысы білім беру департаментінің «Мемлекеттік қызметшілерді және бюджеттік сала қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорны болып қайта құрылды.
Негіздеме: Қызылорда облысы әкімиятының 2005 жылғы 3 маусымдағы №447 қаулысы
2007 ж. – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 18 ақпандағы қаулысына сәйкес, Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Мемлекеттік қызметшілерді және бюджеттік сала қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын ретінде құрылды.
Негіздеме: Қызылорда облысы әкімдігінің 2007 жылғы 24 қаңтардағы №1 қаулысы
2009 ж. «Мемлекеттік қызметшілердің және бюджеттік сала қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру орталығының» жаңа ғимараты пайдалануға берілді.
2012 ж. – Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Мемлекеттік қызметшілердің және бюджеттік сала қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорны болып қайта құрылды.
Негіздеме: Қызылорда облысы әкімдігінің 2011 жылғы 12 шілдедегі №74 қаулысы
2017 ж. – «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» РМҚК болып қайта ұйымдастырылуына байланысты.
Негіздеме: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 14 қыркүйектегі №559 қаулысы