Новости

Тәжірибе алмасу дәрістері жалғасуда

Академияның Қызылорда облысы бойынша филиалында 25-29 сәуір аралығында өтіп жатқан «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс және басқару жүйесі» тақырыбындағы семинар тыңдаушылары, комплаенс — офицерлеріне бүгін тәжірибемен бөлісу мақсатында Академияның Түркістан облысы бойынша филиалының Білім беру бағдарламаларын іске асыру және ілгерілету кабинетінің меңгерушісі, ISO 37001 стандарты бойынша сертификатталған аудитор Ахметова Алия Абишевна «Квазимемлекеттік сектор субъектілерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс институтын ұйымдастыру» , «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс: құқықтық реттеу тәсілдері мен нұсқаулығы» тақырыбындағы дәрістерін оқыды. Тыңдаушылар тақырып бойынша сұрақтарын қойып, толық жауаптарын алды.
ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Идрисова Айнұр Маратқызы мен Білім беру бағдарламаларын іске асыру және ілгерілету кабинетінің меңгерушісі Ахметова Алия Абишевнаға және өзге де әріптестерімізге әріптестік ынтымақтастықты дамытқаны үшін Қызылорда филиалы атынан үлкен алғысымызды білдіреміз!