Новости

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР, КОНКУРС!

 Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облысы бойынша филиалы 2021 жылы мемлекеттік тілде дәріс өткізетін лекторларға/ тренерлерге конкурс жариялайды:
І. Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курстарының бағыттары (пәндері) бойынша:
• Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды басқару. Стратегиялық ойлау;
• HR менеджмент;
• Ойлау дизайны;
• Мемлекеттік органның цифрлық трансформациясы;
• Ресми мәтін және жазылым дағдылары;
• Аймақтың инвестициялық саясаты;
• Ресми мәтін және жазылым дағдылары;
ІІ. Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру семинарларының төмендегі тақырыптары бойынша:
• Шешендік өнер. Көпшілік алдында сөз сөйлеу;
• Көшбасшылық және басшы тиімділігі;
• Өзгерістерді басқару мен мемлекеттік сектордағы инновациялар;
• Халық үніне құлақ асатын мемлекет. Тиімді коммуникациялар;
• Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін оңтайландыру;
• Жергілікті өзін-өзі басқару: аймақтың кешенді дамуы;
• Кадр қызметіндегі құжатайналым. Еңбек қатынастарын құқықтық реттеу;
• Мемлекеттік қызметшілердің цифрлық құзыреттіліктері;
• Іскерлік хат алмасу және мемлекеттік тілде ресми құжаттарды дайындау;
• Белгісіздік жағдайында қызмет тиімділігін арттыру;
• Өңірлік саясат;
• Өзін-өзі басқару институты: қаржылық мүмкіндіктерді күшейту;
• Аймақта агроөнеркәсіптік кешенді дамыту;
• Аймақта мемлекеттік бағдарламаларды іске асырудағы жобалық тәсіл;
• Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мен дамыту;
• 1С: Бухгалтерия 8.3;
• Қазақстан Республикасының салық саясаты;
• Ресми мәтін және жазылым дағдылары.
 
Біліктілік талаптары: жоғары білім, ғылыми-педагогикалық қызметте немесе мемлекеттік қызметте не мамандығы бойынша еңбек өтілі кемінде 3 жыл.
Конкурсқа қатысуға тілек білдірген тұлғалар Академия филиалы директорының атына (еркін үлгіде) өтініш береді. Өтінішке қоса мына құжаттар өткізіледі:
1) Түйіндеме;
2) Біліктілік арттыру семинарлары/қайта даярлау курстары дәрістерін жүргізу үшін үміткер сауалнамасы;
3) Білім беру бағдарламасы бойынша мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру семинарларының тақырыптарына және қайта даярлау курстарының пәндеріне арналған жоба презентациясын (электрондық нұсқада, көлемі 10 слайдтан көп емес) ;
4) Жоғары білімі, академиялық немесе ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың көшірмелері.
 
Түйіндеме, сауалнама, презентация нысандарын төменде көрсетілген сілтеме бойынша жүктеуге болады.
 
Түйіндеме сілтемесі: https://drive.google.com/file/d/1zBV_h89EEZJ3cwfHU6jh4INMI3M3WeJK/view?usp=sharing
Сауалнама сілтемесі: https://drive.google.com/file/d/1yIplNMCUo0dNzI262xRShORg4G6vExmu/view?usp=sharing
Презентация сілтемесі: https://drive.google.com/file/d/1QbGurl0lOnLolDwPHF_pX68gP-8sjC4R/view?usp=sharing
 
Конкурсқа құжаттарды тапсыру мерзімі –2021 жылдың 29 қаңтар 18.00-ге дейін.
 
Конкурстың өтетін жері: Қызылорда қаласы, Қ.Сатпаев көшесі 8. Тел: 8 (7242) 26-44-72, электронды поштасы: kzo.info@apa.kz.