Новости

ПЖКР құжат тапсыру талаптары түсіндірілді.

Президенттік жастар кадр резервінің талаптарын түсіндіру бағытындағы кезекті кездесу Қызылорда қаласы әкімдігінде өтті.
Кездесуге Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Рафхат Бисенов, Мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалы директоры Мұрат Әйтімов, қала әкімі аппаратының басшысы Сеилов Жанмұрат және 35 жасқа дейінгі түрлі сала қызметкерлері қатысты.
Қатысушыларға резервке іріктеу, яғни жаңашыл жобаның маңызы мен негізгі талаптары туралы кеңінен ақпарат берді.
Кездесу соңында Департамент басшысы қызылордалықтарды Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеуге қатысуға шақырып, кез-келген талапкер департаменттің 8/7242/705626 номеріне байланысқа шығып, резервке қатысты қосымша ақпарат ала алатындығын жеткізді.
Құжаттарды қабылдау 30 қыркүйекке дейін pkrezerv.gov.kz цифрлық платформасында онлайн режимде жүргізіледі.