Академияның Қызылорда облысы бойынша филиалында тыңдаушылармен 30 жылдық мерейтой аясында айтыскер ақын, Ұлағатты ұстаз, ҚР Мәдениет саласының үздігі, Қызылорда облысының Құрметті қызметкері С.Ыдырысовпен «Өмір: ақыннан бір үзік ой» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында С. Ыдырысов шығармашылық өмірінен, айтыстағы жетістіктері мен қызықты сәттерінен, Сыр өңіріне қонаққа келген алыс -жақын шетелдік қонақтарды ақын ретінде қарсы алу сәттерінен сыр шертті. Ақынның өмір туралы тағылымды әңгімесінде адами болмыс, қарапайымдылық, жеке ұстаным, ұлттық құндылықтар, есеюдің сырлары, мемлекеттік қызметшінің бейнесі сияқты терең ойлы және әсерлі тақырыптар қозғалды. Ақын отбасы мен қызметті теңгерімді ұстаудағы қағидаттар, мансаптық өсудегі басты талаптар туралы өз ойын білдірді. Сырдың сырлы ақыны Ы. Ыдырысов Академияның 30 жылдығына өз арнауын ұсынды.
АКАДЕМИЯҒА АРНАУ
Мемлекеттік қызметтерді дарытқан,
Қызмет сырын білімменен дамытқан.
Мемлекеттік басқару академиясы,
Секілді екен нұрын шашқан жарықтан.
30 жасқа келіпті биыл бұл ұжым,
Көзбен көрдім парасат пен қызығын.
Құттықтаймын мерекелі жылымен,
Мемлекеттік академия ұжымын!
Серік Махмұдұлы Ыдырысов