Жаңалықтар

Академияның Қызылорда облысы бойынша филиалында жеке тұлғалардың сұранысы бойынша жоспардан тыс өңірлік кадр резерві мүшелеріне арналған оқыту семинары ұйымдастырылды

Академияның Қызылорда облысы бойынша филиалында жеке тұлғалардың сұранысы бойынша жоспардан тыс өңірлік кадр резерві мүшелеріне арналған оқыту семинары ұйымдастырылды.

Семинар мақсаты – мемлекеттік сектордың басқару мәдениетіне өзгерістер енгізу үшін резервшілердің құзыреттерін жетілдіру.

Оқыту семинарында талқыланатын тақырыптар:

– Мемлекеттік қызметтегі негізгі қағидаттар мен құндылықтар;
– Мансап жолымен өсуге мотивация;
– Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет жүйесі;
– Көпшілік алдында еркін сөйлеу;
– Шешендік өнер;
– Өзгерістерді басқару.

Тыңдаушылар семинар барысында өзгерістерді басқару, нәтижеге бағдарлану,
өзін-өзі дамыту құзыреттіліктерін игеруге мүмкіндік алады.