Академияның Қызылорда облысы бойынша филиалында жеке тұлғалардың сұранысы бойынша жоспардан тыс өңірлік кадр резерві мүшелеріне арналған оқыту семинары ұйымдастырылды.
Семинар мақсаты – мемлекеттік сектордың басқару мәдениетіне өзгерістер енгізу үшін резервшілердің құзыреттерін жетілдіру.
Оқыту семинарында талқыланатын тақырыптар:
— Мемлекеттік қызметтегі негізгі қағидаттар мен құндылықтар;
— Мансап жолымен өсуге мотивация;
— Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет жүйесі;
— Көпшілік алдында еркін сөйлеу;
— Шешендік өнер;
— Өзгерістерді басқару.
Тыңдаушылар семинар барысында өзгерістерді басқару, нәтижеге бағдарлану,
өзін-өзі дамыту құзыреттіліктерін игеруге мүмкіндік алады.