Академияның Қызылорда облысы бойынша филиалында 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіз ел – тұғыры биік мемлекет» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Дөңгелек үстел модераторы Мадалиева Ақзада Алайдарқызы – филиал директоры, заң ғылымдарының кандидаты.
Қатысушы спикерлер:
Мендалиев Ерлеген Жәрдемұлы – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысы кіріспе сөз сөйледі.
Тажмаханов Жағыпар Айтбайұлы – Қызылорда қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік басқару Академиясының түлегі «Тәуелсіздік және Қазақстан» тақырыбында баяндама оқыды.
Жарекеев Қуаныш Жақсыбайұлы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің «Құқықтану» БББ аға оқытушысы, заңтану магистрі «Тәуелсіздік – еркіндік пен елдік жолы» тақырыбындағы баяндама жасады.
Аяғанова Алмагүл Жанділдақызы – филиал доценті, психология ғылымдарының кандидаты «Тәуелсіздік – рухани күш және жасампаздық негізі» тақырыбында тұлғаның рухани тәуелсіздігіне байланысты психологиялық аспектілерге тоқталды.
Дөңгелек үстел барысында Тәуелсіздіктің келу тарихы, Жаңа Қазақстан құру жолында атаулы күннің алатын орны талқыланды.
Қатысқан қатысушылар өзара пікір алмасты. Іс-шараның қатысушыларға беретін рухани-тәрбиелік маңызы жоғары болды.