Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні 2004 жылдан бастап 9 желтоқсанда атап өтіледі.
Осы халықаралық күнді құрудың мақсаты – сыбайлас жемқорлық проблемасын және Конвенцияның сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы және оған қарсы күрестегі рөлін түсінуді тереңдету.
Ел Президентi Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттiк дамудың негiзгi басымдылықтарының арасында сыбайлас жемқорлықпен күрестi белгiледi. Бүгінгі күні мемлекеттік және жеке ұйымдардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің барлық нысандарын азайтудың тиімді құралдарының бірі — ISO 37001: 2016 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы басқару жүйесі» халықаралық стандарты болып табылады.
2020 жылдың шілдесінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы (бұдан әрі – Академия) парақорлыққа қарсы менеджмент жүйесінің халықаралық стандарт талаптарына сәйкестігіне сертификаттық аудиттен өтіп, біздің елімізде сертификатталған алғашқы мемлекеттік ұйым болды. Академияда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін зерттейтін ғылыми-зерттеу орталығы жұмыс атқаруда.
2024 жылы Академия серіктестерімен бірлесіп комплаенс-офицерлердің жұмысын тиімді ету мақсатында «Цифрлық комплаенс ассистент» цифрлық платформасын әзірледі.
2024 жылғы 25 және 26 қараша аралығында Академияда ISO 37001:2016 және ISO 37301:2021 халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкестігіне аудит жүргізіліп, сәтті өтті.
Филиалда біліктілік арттыру семинарларының ішінде сұранысқа ие «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс» семинары. 2023 жылы 8 семинар өткізілді, қатысушылар саны 2015 адамды құрады. 2024 жылы 27 қатысушы біліктілігін арттырды. Семинарларды ISO 37001 стандарты бойынша сертификатталған тренерлер өткізді.
Бүгінгі атаулы күнге орай «Жемқорлықсыз болашақ – әр азаматтың үлесі» облыстық форумына А.Мадалиева қатысты.
Форумда ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысы Қ.Ахметқалиевтен еліміздің өркендеп дамуы жолында, жемқорлыққа қарсы саясаттың іске асырылуына және қоғамда адалдық, әділдік, парасаттылық құндылықтарын нығайтуға қосқан үлесі үшін филиал директоры, з.ғ.к. А.Мадалиеваны Алғыс хатымен марапаттады.