Новости

Мемлекеттік қызмет мектебі

Академияның Қызылорда облысы бойынша филиалында 25-29 қараша аралығында өтетін «Мемлекеттік қызмет мектебі» жобасының қатысушыларына арналған семинар басталды.

Семинар мақсаты — мемлекеттік қызметке кіру үшін болашақ жас мемлекеттік қызметшілердің кәсіби құзыреттері мен практикалық дағдыларын арттыру.

Бүгінгі семинардың алғашқы дәрісін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Е.Ж.Мендалиев «Мемлекеттік қызметтегі негізгі қағидаттар мен құндылықтар. Мансап жолымен өсуге мотивация” тақырыбында өтті.
“Мемлекеттік қызмет мектебі” жобасының қатысушылары филиал мұражайын және кітапханасын аралады. Кітапхана қорына жаңадан келіп түскен кітаптардың бірі — Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбайдың «Әділетті Қазақстан — Адал азамат. Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және тұлғалық болмысы” атты кітабымен танысты.