Жаңалықтар

Филиалының тыңдаушылары Нағи Ильясов ауылын аралады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің бірінші форумында «Адал еңбек арқылы толағай табыстарға қол жеткізген әрбір азамат ауылдардың көркеюіне жеке үлесін қосуы тиіс екеніне сенімдімін. Міне, нағыз патриотизм мен Отанға деген қамқорлықтың көрінісі осы болмақ. Әрбір табысты азамат туған жеріне қамқор болуы керек. Сондай-ақ Қызылорда облысындағы Нағи Ілиясов атындағы және Таң ауылы, Қарағанды облысындағы Шахтерское ауылы, Солтүстік Қазақстандағы Новоникольское ауылы да үлгі бола алады. Әрбір аймақта осындай гүлденген қауымдастықтар бар. Ауылдан келген табысты кәсіпкерлер көп. Мен кәсіпкерлерді туған жерлерін дамытуға шақырамын» деп атап көрсетті.

Бүгін Академияның Қызылорда облысы бойынша филиалының тыңдаушылары Нағи Ильясов ауылын аралады. Заман талабына сай жаңғырған ауылдың тыныс-тіршілігімен, тәжірибелерімен, озық идеяларымен танысты.