Новости

Бүгінгі күн!

Бүгін Адал көмек жобасы аясында 2020 жылғы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимылды күшейту жөніндегі қабылданған заң нормалары бойынша түсіндірме жұмысын жүргіздім.Өткен жылдың соңында Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимылдың тиімділігін одан әрі арттыруға бағытталған бірқатар тұжырымдамалық шаралар көздейтін Заңға қол қойған болатын.

Аталған заңда Президенттің өткен жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған жолдауында айтылған сыбайлас жемқорлық қылмыстар үшін жазаны қатаңдату және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимылдың жаңа құралдарын енгізу туралы тапсырмалар іске асырылды. 2020 жылы желтоқсан айының 20 жұлдызында Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимылдың тиімділігін одан әрі арттыруға бағытталған бірқатар тұжырымдамалық шаралар көздейтін заңға қол қойған болатын.
Лауазымды адамдарды параға сатып алу мен әдейі айналысатын, не заңсыз сыйақы беру кезін де делдал болған адамдар, елеулі қылмыстық жауаптылықта болуы тиіс.
Қазіргі жаңа редакцияға сәйкес, жазаның жоғарғы шегі 7 жылға дейін ұлғайтылды, бұл автоматты түрде ауыр құқықтық салдары бар санатқа — яғни шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға тыйым салу және қауіпсіздігі төмен қоныс — колониясында жазаны бірден өтеудің мүмкін еместігі көзделген.
Азаматтар сыбайлас жемқорлықпен күрестің ауырлығын түсінеді және күшейтілген санкциялар қосымша тежеуші фактор болады деп үміттенеміз.