Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында 2024 жылдың 20 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасы Д.М. Жазықбайдың дарынды жастармен «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» тақырыбындағы кездесуі өтті.
Кездесуге өңірдегі мектеп көшбасшылары және «Жас мемлекеттік қызметші мектебінің» тыңдаушылары Академияның Қызылорда облысы бойынша филиалында онлайн форматта қатысты.
Шараның мақсаты:
— Жастарды мемлекеттік қызметке тарту және олардың қызығушылығын арттыру;
— «Әділетті Қазақстан — Адал азамат» тұжырымдамасы аясындағы мемлекетік қызметшінің болмысы туралы ақпарат беру;
— Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін дамытудың 2024 — 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының мақсаттары мен міндеттерімен таныстыру.
Қатысушылар Академия филиалының мұражайымен, кітапханасымен және тестілеу орталығымен танысты.
Кездесу барысында мемлекеттік қызметшіге тән басты ұстанымдары және әділетті Қазақстан қағидаттарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің жағымды бейнесін қалыптастыруы жайында сұрақтар қойылып, тұшымды жауаптар алынды.