Новости

Егемендік – елдің тірегі

     Академияның Қызылорда облысы бойынша филиалында Академияның 30 жылдығы аясында және 25 қазан — Республика күніне орай «Егемендік – елдің тірегі» тақырыбында «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік басшы лауазымына алғаш тағайындалған мемлекеттік қызметшілерінің қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Дөңгелек үстел модераторы Мадалиева Ақзада Алайдарқызы – филиал директоры, заң ғылымдарының кандидаты.

Қатысушы спикерлер:
Бибитова Мирамкуль Малаевна ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары кіріспе сөз сөйледі.

Шарипбаев Даурен Сақтапбергенұлы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің
Қызылорда облысы бойынша өкілі «Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтық мәртебесі» тақырыбында баяндама оқыды.

Жарекеев Қуаныш Жақсыбайұлы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің «Құқықтану» БББ аға оқытушысы, заңтану магистрі «Ел таңдауы-егемендік» тақырыбындағы баяндамасымен бөлісті.

Дөңгелек үстел барысында Республика күні мерекесіне ұлттық мереке мәртебесінің берілуі, мереке тарихы, Жаңа Қазақстан құру жолында аталған мерекенің алатын орны сияқты өзекті мәселелер қаралды. Іс-шараның қатысушыларға беретін рухани-тәрбиелік маңызы жоғары болды.