Жаңалықтар

Депутаттар семинарды сәтті аяқтады

Бүгін мәслихат депутаттарына Қазақстан РТРК Қызылорда облыстық филиалы /Qyzylorda телеарнасының директоры, Ұлыбританияның Лидс университетін «Болашақ» бағдарламасымен бітірген, Саяси қатынастар магистрі Әмиша Нұрбек «Халықпен коммуникацияның тиімді формалары. Әлеуметтік желілердегі коммуникациялық менеджмент» тақырыбында дәріс оқыды.

Дәріс барысында бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс, депутаттар парақшаларына талдау және комментарийлер мен кері байланыс құралдары бойынша сұрақтар талқыланды.

«Мәслихаттардың рөлі мен әлеуетін күшейтудің заманауи тәсілдері» тақырыбындағы семинарды мәслихат депутаттары сәтті аяқтады. Өңіріміздің даму жолындағы қызметтеріне сәттілік және мақсаттарының орындалуына тілектеспіз!