«12 сәуір – Қазақстандағы Ғылым қызметкерлері» күніне орай «Ғылым және мемлекеттік қызмет» тақырыбындағы кездесу Ағымдағы жылдың 10-сәуір күні Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облысы бойынша филиалында 12 сәуір-Қазақстандағы Ғылым қызметкерлері күніне орай ұйымдастырылып отырған апталық аясында Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Ақпараттық технологиялар орталығы» директоры, техника ғылымдарының кандидаты (Ресей), PhD, Сыр үміті номинациясының иегері, 40-қа жуық мақалалары бар, оның ішінде 12 мақала Ресейдің ЖАК тіркелген журналдарда жарияланған, SCOPUS базасында – 5 мақала және 2 мақала – WEB OF SCIENCE баспаларында жарық көрген ғалым С. Ибадулламен кездесу өтті. Кездесу барысында С. Ибадулла ғылым жолындағы ізденістері, еліміздегі Роботехника саласындағы ғылыми жетістіктер туралы ақпаратпен бөлісті. Кездесуге қатысқан басшы лауызымына алғаш қабылданған мемлекеттік қызметшілер еліміздегі цифрландыруға, SMART CITY-ге, робототехника мүмкіндіктері мен қауіп-қатерлеріне байланысты сұрақтарын қойды. Мемлекеттік қызметшілердің ғылымдағы белсенділігін арттыру мақсатында кеңестер ұсынылды.
Ғылым және мемлекеттік қызмет
