Филиалда «Даму күні» аясында «Мемлекеттік қызметшінің шешендік өнері» тақырыбындағы семинар тыңдаушыларына Н.Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық музыкалық драма театрының басшысы, айтыстың ақтаңгері, үш дүркін «Алтын домбыра» иегері – Ниязов Мұхтар Мауленұлымен «Шешендік өнер – сөз сөйлеудің патшасы» тақырыбында қонақ дәріс ұйымдастырылды.