Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының Қызылорда облысы бойынша филиалының профессоры Мадалиева Ақзада:
«Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев елдегі төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысын өткізді.Мемлекет басшысы елімізде төтенше жағдай режимі аяқталғанын атап өтті. Дегенмен, дерттің таралуы әлі де бәсеңдемей тұрғанын алға тартты.
Карантиндік шектеулер әр өңірдегі жағдайдың жақсаруына қарай біртіндеп алынатынын айтты.
Күнделікті өмірде сақтық шараларын әлі де қатаң ұстануға шақырды.
Мемлекет басшысы осындай жағдайда азаматтарға әлеуметік қолдау көрсету мәселелеріне баса назар аударды. Өздеріңізге белгілі мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елімізде дағдарысқа қарсы шаралардың екі топтамасы жүзеге асырылуда. Біріншісі 4,5 миллионнан астам адамға 42500 теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетіліп, 1 миллионнан астам азаматқа азық-түлік пен тұрмыстық заттар үйлестірілді. Екіншісі комуналдық төлемдердің тарифы төмендетіліп оны төлеу үшін аса мұқтаж жандар қосымша көмек алды. Сондай-ақ 2 миллионға жуық азаматтың несие төлеу мерзімі кейінге шегерілгенін айтты. Президент жұмыспен қамту және даму міндеттерін шешу үшін қажетті ресурстар бар екенін атап өтті.
Президент дағдарыс кезінде және одан кейінгі басымдықтарына тоқтап, барша қазақстандықтың өмірі мен денсаулығын сақтау, азаматтардың табысын арттыру, бизнесті қолдау мен дамыту, білім және ғылым жүйесін жетілдіру мәселелері басты назарға алынды деді.
Мемлекет басшысы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге баса мән беру қажет екендігін атап өтіп, қолжетімді тұрғын үй құрылысы, экономиканы дамытудың, халықты жұмыспен қамтудың әлеуметтік қолдау көрсетудің маңызды факторы болуға тиіс деді. Әлеуметтік әділдік үшін жалақы мен басқа да кіріс түрлеріне қатысты жеке кіріс салығының үдемелі өлшемін енгізу мәселесін пысықтауды тапсырды. Мұндағы мақсат-еңбекақы төлеудің кең тараған әрі жасырын тәсілін “көлеңкеден” шығару керек деді. Қиын қыстау кезеңде мемлекеттік қолдауға, әлеуметтік көмекке, лайықты зейнетақыға, ең алдымен, заңды жұмыс істеп, салық төлегендер ғана қол жеткізетіндігін нақты айтып өтті.
Мемлекеттік басқару жүйесін жаңарту маңызды бағыт болып белгіленді. Үкіметтің, министрліктердің,әкімдіктердің түрлі жиындарын қашықтан өткізуді ұсынды. Осы орайда электронды үкімет тұжырымдамасының мәнін қайта қарауды тапсырды. Індет толығымен жойылып кеткен жоқ. Мұндай жағдайда карантиннің барлық талаптарын сақтауды ұмытпауымыз керек.
Мемлекет басшысының алға қойған нақты міндеттерінің арқасында бұл індетті толығымен жеңіп шығатынымызға сенімдімін»