Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облысы бойынша филиалы 2020 жылы мемлекеттік қызметшілердің біліктілік арттыру семинарларына және қайта даярлау курстарына, сонымен қатар бюджеттік сала қызметкерлеріне арналған біліктілік арттыру семинарларына төмендегі тақырыптар бойынша дәріс өткізу үшін лекторларға/ тренерлерге конкурс жариялайды:
• Мемлекеттік сектордағы тиімділікті басқару;
• HR – адами ресурстарды тиімді басқару (персоналды басқару);
• Парасаттылық. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет;
• Қызметтердің нәтижелілігін басқару;
• Қаржылық есептіліктің аудиті;
• Мемлекеттік қызметшінің цифрлық құзыреттері;
• Сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс;
• Кәсіби коммуникациялар стратегиялары: Көпшілік алдында сөз сөйлеу;
• Мемлекеттік органдарда іс жүргізу (жалпы);
• Жергілікті өзін-өзі басқарудың бюджеттік үдерістері;
• Аймақтың инвестициялық саясаты;
• Агроөнеркәсіп кешенінің даму болашағы;
• Өңірдің аумақтық-кеңістікте дамуының басымдықтары;
• Басқару экономикасы;
• Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды басқару. Стратегиялық ойлау;
• Көрсетілетін қызметті тұтынушыға бағдарлау және оған ақпарат беру;
• Ойлау дизайны;
• Өңірлік саясат және басқарудың озық үрдістері;
• Өңірлік дамудың стратегиялық басымдықтары;
• Отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын іске асыру;
• Мемлекеттік қызметте еңбек қатынастарын құқықтық реттеу;
• Аймақтағы деструктивті діни ағымдардың қоғамға әсері;
• Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы;
• Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп;
• Мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорындардағы бухгалтерлік есеп;
• Білім беру саласына қарасты мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есебі;
• Әлеуметтік қызметкердің негізгі міндеттері мен жұмыс бағыттары;
• Мүмкіндігі шектеулі балалар мен қарттарға үйде қызмет көрсету;
• Цифрлық дәуір талабы – заманауи кітапхана;
• Клуб жұмысында инновациялық оқу-әдістемелік ортаны құру (Мәдениет үйлерінің директорлары, клуб меңгерушілері мен әдіскерлері үшін);
• Үйірме жетекшілері мен сүйемелдеушілердің жұмыс тәсілдерінің ерекшеліктері (Клуб сүйемелдеушілері, мәдени ұйымдастырушылар, нұсқаушылар үшін).
Біліктілік талаптары:
жоғары білім, магистр дәрежесінің болуы; PhD немесе бейіні бойынша докторы дәрежесінің не ғылыми дәрежесінің болуы (мүмкіндігінше), ғылыми атағының болуы (мүмкіндігінше), ғылыми-педагогикалық қызметте немесе мемлекеттік қызметте не мамандығы бойынша еңбек өтілі кемінде 3 жыл.
Конкурсқа қатысуға тілек білдірген тұлғалар Академия филиалы директорының атына (еркін үлгіде) өтініш береді. Өтінішке қоса мына құжаттар өткізіледі:
1) Түйіндеме;
2) Біліктілік арттыру семинарлары/қайта даярлау курстары дәрістерін жүргізу үшін үміткер сауалнамасы;
3) білім беру бағдарламасы бойынша мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру семинарларының тақырыптарына және қайта даярлау курстарының пәндеріне арналған жоба презентациясын (электрондық нұсқада, көлемі 10 слайдтан көп емес) ;
4) жоғары білімі, академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың көшірмелері;
5) біліктілігін арттыру туралы туралы сертификаттар көшірмелері (болған жағдайда) және тексеру үшін түпнұсқалары.
Конкурсқа құжаттарды тапсыру мерзімі – 2019 жылдың 30 желтоқсанынан бастап 2020 жылдың 20 қаңтарына дейін.
Конкурстың өтетін жері: Қызылорда қаласы, Қ.Сатпаев көшесі 8. Тел: 8 (7242) 26-44-72, электронды поштасы: kzo.info@apa.kz.