Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу туралы түсіндірме жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде.
Департамент басшысының орынбасары Берікбол Байхожаев пен Мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалының директоры Мұрат Әйтімов Қазалы, Қармақшы, Сырдария және Жаңақорған аудандарының мемлекеттік мекемелердің, ұйымдардың, кәсіпорындардың қызметкерлері мен Резервке құжат тапсыруға ынталы аудан жастарымен онлайн форматта кездесулер өткізді.
Әр ауданмен жеке-жеке өткізілген кездесулер барысында Резервке іріктеудің талаптары мен тіркелу тәртібі түсіндіріліп, pkrezerv.gov.kz цифрлық платформасымен жұмыс жасауға және мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтайтын сертификаттарды алу жолдарына қатысты, оның ішінде qrt.kz сайты арқылы сертификатты онлайн алу мүмкіндіктері туралы ақпараттармен таныстырды.