Бүгін филиалда аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдеріне арналған «ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІН ТРАНСФОРМАЦИЯЛАУ» тақырыбындағы онлайн семинары басталды.
Сайланған ауыл әкімдерінің дағдыларын жетілдіру үшін, олардың басқарушылық қызметтерінің тиімділігін арттыруға, сондай-ақ стратегиялық, инновациялық ойлауын, трансформациялық көшбасшылықтың жаңа мәдениетін қалыптастыруға бағытталған семинар 80 академиялық сағат көлемінде жүргізіледі.
Семинарды Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Рафхат Төлеуғалиұлы Бисенов ашып, заманауи мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру жергілікті өзін-өзі басқарудың теориялық және тәжірибелік білімдерін күшейтудегі бірқатар жұмыстарға тоқталды.












Тыңдаушылар жергілікті өзін-өзі басқару, оны тиімді іске асыру және жобалық басқару бағытында кәсіби құзыреттер, дағдылар, тәжірибелік құралдарын меңгереді

