18 қазан – Рухани келісім күніне орай Академияның Қызылорда облысы бойынша филиал доценті, психология ғылымдарының кандидаты Аяғанова Алмагүл Жанділдақызы Сыр өңірінде дінаралық татулық пен рухани келісімді нығайтуға, мемлекетіміздің дін саласындағы саясатын насихаттауға белсенді қатысқаны үшін Қызылорда облысы әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Әріптесіміздің отбасына амандық, деніне саулық және шығармашылық табыстар тілейміз.