Новости
академии

Депутаттар біліктілігін арттыруда

   28 қазан – 01 қараша аралығында мәслихат депутаттарына арналған «Мәслихаттардың рөлі мен әлеуетін күшейтудің заманауи тәсілдері» тақырыбындағы семинар басталды.
Семинар мақсаты – жаңа сын-қатерлер мен қазіргі нақтылық жағдайында тиімді қызмет ету үшін барлық деңгейдегі депутаттардың кәсіби құзыреттері мен практикалық дағдыларының деңгейін арттыру.

Семинардың кіріспе сөзін Қызылорда облыстық мәслихат төрағасы – Тлеумбетов Мұрат Жолкелдіұлы сөйледі.

Семинарға спикерлер ретінде облыстық мәслихат депутаттары, тәжірибелі мамандар, ғалымдар мен журналистер тартылды.

Семинар тыңдаушылардың келесі бағыттар бойынша құзыреттерін жетілдіруге бағытталған:
✓ Ақпаратқа қол жеткізу, азаматтардың өтініштерімен жұмыс жасау мәселелері бойынша ҚР заңнамасы: құқық қолдану практикасы;
✓ Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жаңа архитектурасы;
✓ Тиімді депутаттық қызметті ұйымдастыру;
✓ Көпшілік алдында сөз сөйлеу дағдылары;
✓ Тиімді коммуникациялар;
✓ Мәслихат депутаттарының сайлаушылармен өзара әрекеттесуі.

28 октября 2024
Показать все
Егемендік – елдің тірегі

     Академияның Қызылорда облысы бойынша филиалында Академияның 30 жылдығы аясында және 25 қазан — Республика күніне орай «Егемендік – елдің тірегі» тақырыбында «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік басшы лауазымына алғаш тағайындалған мемлекеттік қызметшілерінің қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Дөңгелек үстел модераторы Мадалиева Ақзада Алайдарқызы – филиал директоры, заң ғылымдарының кандидаты.

Қатысушы спикерлер:
Бибитова Мирамкуль Малаевна ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары кіріспе сөз сөйледі.

Шарипбаев Даурен Сақтапбергенұлы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің
Қызылорда облысы бойынша өкілі «Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтық мәртебесі» тақырыбында баяндама оқыды.

Жарекеев Қуаныш Жақсыбайұлы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің «Құқықтану» БББ аға оқытушысы, заңтану магистрі «Ел таңдауы-егемендік» тақырыбындағы баяндамасымен бөлісті.

Дөңгелек үстел барысында Республика күні мерекесіне ұлттық мереке мәртебесінің берілуі, мереке тарихы, Жаңа Қазақстан құру жолында аталған мерекенің алатын орны сияқты өзекті мәселелер қаралды. Іс-шараның қатысушыларға беретін рухани-тәрбиелік маңызы жоғары болды.

22 октября 2024
Показать все
МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫ: ӘЛЕМДІК ДЕҢГЕЙДЕГІ БІЛІМ ОРДАСЫ

МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫ: ӘЛЕМДІК ДЕҢГЕЙДЕГІ БІЛІМ ОРДАСЫ

ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы – мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын ерекше мәртебеге ие жоғары оқу орны. Академия бәсекеге қабілетті білім беру мен зерттеу өнімдерін өндіру үшін институционалдық жағдайларын дамытуды мақсат етіп, мемлекеттік қызметшілер арасында жоғары басқарушылық мәдениетті қалыптастыруды көздейді. 1-30 қараша аралығында магистратураның білім беру бағдарламалары бойынша биылғы жылға қосымша қабылдау жүргізілуде. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Ақзада Мадалиева айтты.

– ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына ҚР заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қаржыландыру көздері есебінен оқу мерзімі бір жыл, мемлекеттік қызметшілер, мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын ведомстволық бағынысты ұйымдардың өкілдері, квазимемлекеттік сектор субъектілері, мәслихаттар депутаттары үшін модульдік оқыту қағидаты бойынша магистратураның білім беру бағдарламалары бойынша 2024 жылға қосымша қабылдау жүргізілуде. Құжаттар 2024 жылғы 01-30 қараша аралығында https://admission.apa.kz онлайн қабылдау жүйесі арқылы қабылданады. Үміткерлер үшін магистратураның білім беру бағдарламаларына шет тілін білу деңгейі талап етілмейді,- деді Ақзада Алайдарқызы.

Оқуға ақылы негізде, өндірістен қол үзбей күндізгі қашықтықтан оқыту магистратураның «ЕМРА – Мемлекеттік басқару» бағдарламасы бойынша құжаттарды тапсыру сәтінде басшылық лауазымда кемінде екі жыл еңбек өтілі бар, «MRD — Өңірлік даму» екі жыл жалпы еңбек өтілі бар тұлғалар тапсыра алады.

– Модульдік оқыту – бұл оқыту мазмұнын модульдер деп аталатын шағын блоктарға бөлуге негізделген оқыту әдісі. Оқу жылы 6 модульден тұрады, олардың әрқайсысында офлайн және қашықтықтан оқыту форматтары қарастырылған. Бұл тәсіл білім алушыларға материалдың жекелеген бөліктерін ыңғайлы қарқынмен және негізгі жұмыстан қол үзбей арнайы кесте бойынша оқып-зерделеуге мүмкіндік береді. Модульдік оқытудың бірнеше артықшылығы бар. Модульдер оқыту қарқыны оқу мазмұнын барынша тиімді игеруге мүмкіндік беретіндей етіп ұйымдастырылған. Жалпы, конкурстық іріктеу екі кезең бойынша өтеді. Біріншісі – аналитикалық эссе болса, екіншісі – сұхбат. Аналитикалық эссе – бұл белгілі бір мәселе бойынша жеке ұстаным мен талдауды білдіретін еркін композициядағы жазбаша жұмыс және кәсіби қызмет саласындағы хабардарлықты анықтауға бағытталуы мүмкін. Ал, сұхбат – білімнің тереңдігін, стратегиялық ойлауды, өзінен-өзі дамытуға деген ұмтылысты, үміткердің коммуникациялық дағдыларын анықтау тәсілі,- деді ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облысы бойынша филиалының аға оқытушысы Гүлсара Нұрова.

Сұхбаттың мақсаты – үміткерлердің кәсіби және жеке құзіреттерінің деңгейін, оқуға деген ынтасын, мемлекеттік басқару жүйесінің стартегиялық және бағдарламалық құжаттарын, нормативтік-құқықтық актілер мен заңнаманы білу болып табылады.

– ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін арттыруда маңызды орын алады. Академияда оқу қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіліп әлемдік деңгейдегі профессорлар мен сарапшылар тартылған. Бұл оқу орны мемлекеттік қызметкерлердің жаңа көзқарастар қалыптасытруына, инновациялық шешімдер табуына, кәсіби дамуына зор үлес қосып келеді. 2022 жылы облыс бойынша алғаш рет мемлекеттік басқару академиясының докторантурасына грант жеңіп алдым. Қазір оқуымның үшінші жылындамын. Бүгінде ҚР Су дипломатиясы және Орталық Азиядағы транс шекаралық су ресурстарын реттейтін модельін даярлап, қазір диссертациялық жұмыс жазып жатырмын. Бүгінгі күнге дейін 3 ғылыми мақалам жарық көрді. Бұл мен үшін үлкен дәреже,- деді ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының докторанты Альбина Прниязова.

22 октября 2024
Показать все
Депутаттар семинарды сәтті аяқтады

Бүгін мәслихат депутаттарына Қазақстан РТРК Қызылорда облыстық филиалы /Qyzylorda телеарнасының директоры, Ұлыбританияның Лидс университетін «Болашақ» бағдарламасымен бітірген, Саяси қатынастар магистрі Әмиша Нұрбек «Халықпен коммуникацияның тиімді формалары. Әлеуметтік желілердегі коммуникациялық менеджмент» тақырыбында дәріс оқыды.

Дәріс барысында бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс, депутаттар парақшаларына талдау және комментарийлер мен кері байланыс құралдары бойынша сұрақтар талқыланды.

«Мәслихаттардың рөлі мен әлеуетін күшейтудің заманауи тәсілдері» тақырыбындағы семинарды мәслихат депутаттары сәтті аяқтады. Өңіріміздің даму жолындағы қызметтеріне сәттілік және мақсаттарының орындалуына тілектеспіз!

11 октября 2024
Показать все
Академия түлегі дәріс өтті

Академияның Қызылорда облысы бойынша филиалына Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының 2013 жылғы түлегі, “Саясаттану”магистрі, “Аманат” партиясы Қызылорда облысы филиалының төрағасы Есмаханов Алмасбек Әбілқасымұлы мәслихат депутаттарына “Партия қызметін жүргізудегі мәслихаттар депутаттарының ролі мен маңызы” тақырыбында дәріс оқыды.

Дәріс барысында жаңа сын-қатерлер мен тиімді қызмет ету үшін депутаттардың кәсіби құзыреттіліктерін дамыту, практикалық дағдыларын арттыру бойынша сұрақтар талқыланды.

10 октября 2024
Показать все
Депутаттар біліктілігін арттыруда

«Партиялар өз депутаттарының біліктілігін жетілдіру мақсатында Академиямен ынтымақтастық орнатқан жөн деп санаймын»
Қасым-Жомарт Тоқаев

Академияның Қызылорда облысы бойынша филиалында 7-11 қазан аралығында облыстық, қалалық, аудандық мәслихаттар депутаттарына арналған «Мәслихаттардың рөлі мен әлеуетін күшейтудің заманауи тәсілдері» тақырыбында біліктілік арттыру семинары өткізіледі. Семинарға Академия ректоры Е. Әбіл онлайн қосылып, кіріспе сөз сөйледі. Алғашқы дәрісті Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Зебешев Ардак «Өңіріміздің инвестициялық ахуалы және даму перспективалары» тақырыбында оқыды.
Семинарға спикерлер ретінде облыстық мәслихат депутаттары, тәжірибелі мамандар, ғалымдар мен журналистер тартылды.
Семинар тыңдаушылардың келесі бағыттар бойынша құзыреттерін жетілдіруге бағытталған:
✓ Ақпаратқа қол жеткізу, азаматтардың өтініштерімен жұмыс жасау мәселелері бойынша ҚР заңнамасы: құқық қолдану практикасы;
✓ Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жаңа архитектурасы;
✓ Тиімді депутаттық қызметті ұйымдастыру;
✓ Көпшілік алдында сөз сөйлеу дағдылары;
✓ Тиімді коммуникациялар;
✓ Мәслихат депутаттарының сайлаушылармен өзара әрекеттесуі.

07 октября 2024
Показать все
Стратегиялық менеджмент және көшбасшылық

Бүгін Академияның Қызылорда облысы бойынша филиалының тыңдаушыларына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты — Байқадамов Наурызбай Сейтқалиұлы “Стратегиялық менеджмент және көшбасшылық” тақырыбында дәріс оқыды.
?Дәріс барысында Н.Байқадамов стратегиялық менеджмент мазмұны мен қағидаларына, көшбасшының стратегиясына, тиімді стратегия және оның талаптарына тоқталды.
?Дәріс соңында тыңдаушылар көкейіндегі сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды.

25 сентября 2024
Показать все
Ең алдымен адамдар: мемлекеттік қызметтердің сапасын арттырудың практикалық құралдары
Академияның Қызылорда облысы бойынша филиалы және ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті қызметкерлері 19-20 қыркүйек аралығында Арал, Қазалы аудандарында «Ең алдымен адамдар: мемлекеттік қызметтердің сапасын арттырудың практикалық құралдары» тақырыбында көшпелі семинар өткізді.
Семинар барысында талқыланған тақырыптар:
• Тұтынушыға бағдарланған қызмет көрсету;
• Мемлекеттік қызметтер көрсету саласында заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету;
• Көрсетілетін қызметтерді тұтынушыға бағдарлаудың психологиялық аспектілері;
• Адамдармен психологиялық байланыс орнату қағидаттары.
• Практикалық кейстерді талқылау.
23 сентября 2024
Показать все
АЭС салудың маңыздылығы түсіндірілді

Бүгін Академияның Қызылорда облысы бойынша филиалында Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауы аясында біліктілік арттыру семинарының тыңдаушыларымен қонақ-дәріс ұйымдастырылды.
?Аталған шараға Қорқыт Ата атындағы ҚМУ химиялық зерттеулер және технологиялар институтының директоры, х.ғ.к., профессор Аппазов Нұрбол Орынбасарұлы қатысты. Кездесу барысында елімізде атом электр стансасын салуға қатысты өз пікірін білдіріп, тыңдаушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

13 сентября 2024
Показать все
Тәжірибе алмасу
Бүгін Академияның Қызылорда облысы бойынша филиалында Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауы аясында біліктілік арттыру семинарының тыңдаушыларымен қонақ-дәріс ұйымдастырылды.
Шараға Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының Адами капиталды дамыту бөлімінің сарапшысы Қасымжан Мадина Касымжанқызы Мемлекет басшысы Жолдауындағы кәсіпкерлікті жүйелі түрде қолдау бойынша тәжірибесімен бөлісті.
Кездесу барысында тыңдаушылар тарапынан сұрақтар қойылып, тәжірибе алмасудың мүмкіндіктеріне ие болды.
13 сентября 2024
Показать все
Кәсіби дағдыларды дамыту бойынша мастер-класс өткізілді
Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби- тұлғалық болмысын жетілдіру аясындағы мастер- класстан үзінді
Кәсіби дағдылар: ✅️ уақытты тиімді басқару; ✅️ коммуникациялық дағды; ✅️ шешім қабылдау ✅️ жанжалдарды басқару және ұжымды
11 сентября 2024
Показать все
Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм

Мемлекет басшысы 2024 жылғы 2 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқы Жолдауына Филиал қызметкерлері мен профессор-оқытушылар құрамы пікір білдірді.

06 сентября 2024
Показать все
Құрметті достар, әріптестер!
6 қыркүйектен бастап Академия ректоры Ерлан Қуанышұлы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры лауазымына тағайындап, жауапкершілігі жоғары қызметті жүктеді. Академия меритократия қағидасын іс жүзінде жүзеге асырады.
Бірнеше жыл Филиалда мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру семинарларында дәріс жүргізіп, профессор лауазымын атқардым. Академия базасында ISO 37001 сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты бойынша сертификатталған аудитор, Жобалық менеджмент саласының тренер-кеңесшісі және Стратегиялық HR бағыттарындарында біліктілік арттырып, кәсіби тұрғыда дамуға мүмкіндік берілді.
Ендігі кезекте туып өскен киелі Сыр еліне бар күшімді салып, Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында кәсіби мемлекеттік аппарат құру үшін облыстағы мемлекеттік органдармен бірлесіп жұмыс жасаймын.
Ерлан Қуанышұлы және Академия ұжымына сенім білдіргендеріңіз үшін алғысымды білдіремін!
06 сентября 2024
Показать все
Өмір: ақыннан бір үзік ой

Академияның Қызылорда облысы бойынша филиалында тыңдаушылармен 30 жылдық мерейтой аясында айтыскер ақын, Ұлағатты ұстаз, ҚР Мәдениет саласының үздігі, Қызылорда облысының Құрметті қызметкері С.Ыдырысовпен «Өмір: ақыннан бір үзік ой» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында С. Ыдырысов шығармашылық өмірінен, айтыстағы жетістіктері мен қызықты сәттерінен, Сыр өңіріне қонаққа келген алыс -жақын шетелдік қонақтарды ақын ретінде қарсы алу сәттерінен сыр шертті. Ақынның өмір туралы тағылымды әңгімесінде адами болмыс, қарапайымдылық, жеке ұстаным, ұлттық құндылықтар, есеюдің сырлары, мемлекеттік қызметшінің бейнесі сияқты терең ойлы және әсерлі тақырыптар қозғалды. Ақын отбасы мен қызметті теңгерімді ұстаудағы қағидаттар, мансаптық өсудегі басты талаптар туралы өз ойын білдірді. Сырдың сырлы ақыны Ы. Ыдырысов Академияның 30 жылдығына өз арнауын ұсынды.

АКАДЕМИЯҒА АРНАУ

Мемлекеттік қызметтерді дарытқан,

Қызмет сырын білімменен дамытқан.

Мемлекеттік басқару академиясы,

Секілді екен нұрын шашқан жарықтан.

30 жасқа келіпті биыл бұл ұжым,

Көзбен көрдім парасат пен қызығын.

Құттықтаймын мерекелі жылымен,

Мемлекеттік академия ұжымын!

 

Серік Махмұдұлы Ыдырысов

25 апреля 2024
Показать все
Ғылым және мемлекеттік қызмет

«12 сәуір — Қазақстандағы Ғылым қызметкерлері» күніне орай «Ғылым және мемлекеттік қызмет» тақырыбындағы кездесу Ағымдағы жылдың 10-сәуір күні Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облысы бойынша филиалында 12 сәуір-Қазақстандағы Ғылым қызметкерлері күніне орай ұйымдастырылып отырған апталық аясында Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Ақпараттық технологиялар орталығы» директоры, техника ғылымдарының кандидаты (Ресей), PhD, Сыр үміті номинациясының иегері, 40-қа жуық мақалалары бар, оның ішінде 12 мақала Ресейдің ЖАК тіркелген журналдарда жарияланған, SCOPUS базасында — 5 мақала және 2 мақала — WEB OF SCIENCE баспаларында жарық көрген ғалым С. Ибадулламен кездесу өтті. Кездесу барысында С. Ибадулла ғылым жолындағы ізденістері, еліміздегі Роботехника саласындағы ғылыми жетістіктер туралы ақпаратпен бөлісті. Кездесуге қатысқан басшы лауызымына алғаш қабылданған мемлекеттік қызметшілер еліміздегі цифрландыруға, SMART CITY-ге, робототехника мүмкіндіктері мен қауіп-қатерлеріне байланысты сұрақтарын қойды. Мемлекеттік қызметшілердің ғылымдағы белсенділігін арттыру мақсатында кеңестер ұсынылды.

12 апреля 2024
Показать все