Новости
академии

«ӘКІМДЕР МЕКТЕБІ» ОҚЫТУ ЖОБАСЫ — БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУДЫҢ ТИІМДІ ТЕТІГІ

     Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Үкіметтің кеңейтілген отырысына қатысып, еліміздің 2024 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуын қорытындылап, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттерді айқындады.
Отырыста Мемлекет басшысы сайланған әкімдер мен түрлі деңгейдегі басшыларды кешенді дайындықтан өткізу мәселесіне айрықша тоқталып, бүгінгі таңда оның өте өзекті болып тұрғанын атап өтті. Сондай-ақ, Президент алға қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін тұтас мемлекеттік аппарат тиімді жұмыс істеуі керек екеніне аса мән берді.
     «Әкімдерді тікелей сайлаудың, нәтижесінде мемлекеттік қызметшілердің жаңа санаты — сайланатын басшылар пайда болды. Бұл — екі жарым мыңнан астам басшы лауазымындағы қызметкер деген сөз. Олардың арасында бұрын мемлекеттік қызметте жұмыс істемеген азаматтар, соның ішінде жастар көп. Сол себепті сайланған әкімдер мен түрлі деңгейдегі басшыларды кешенді дайындықтан өткізу мәселесі өте өзекті болып тұр. Үкіметке Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен бірлесіп, «Әкімдер мектебі» оқыту жобасын іске қосуды тапсырамын деді.

     «Бір жағынан, бұл жұрттың «Халық үніне құлақ, асатын мемлекет» тұжырымдамасына сенетінін көрсетеді. Алайда, сонымен бірге, бұл олардың өтініштері мен мәселелері мемлекеттік органдардың күнделікті жұмысы барысында шешімін таппай жатқанын аңғартады. Сондықтан олқылықтар мен кемшіліктерді жою үшін тиянақты жұмыс жүргізу қажет. Әдетте азаматтардың өтініштерінің артында адам тағдыры тұрады, сондықтан, бұл жерде барлық құзырлы органдар жұмыла жұмыс істеуге тиіс», деді Президент.

     Былтыр қараша айында «Amanat» партиясы Қызылорда облыстық филиалының бастамасымен, облыс әкімдігінің қолдауымен ауыл әкімдерінің, форумы өткені белгілі. Оған облыстағы барлық, ауыл әкімдері қатысып, тәжірибе алмасып, ортақ пікірлерін ортаға салды.Осы форумға қатысып баяндама жасап, академия филиалында әкімдердің біліктілігін арттыру курсын ұйымдастырып, оқытуға өз ұсынысымды берген болатынмын. Ұсыныс қолдау тауып, 2025- жылдың жоспарына қойылды. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекнттік басқару академиясы әкімдерді оқыту біліктілік арттыру курстарын жоспарлы жүзеге асырып келеді.

     Осы ретте, Мемлекет басшысы ұсынған «Әкімдер мектебі» оқыту жобасы біліктілікті арттырудың тиімді тетігі болмақ.

28 января 2025
Показать все
Д.М. Жазықбайдың дарынды жастармен кездесуі

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында 2024 жылдың 20 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасы Д.М. Жазықбайдың дарынды жастармен «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» тақырыбындағы кездесуі өтті.

Кездесуге өңірдегі мектеп көшбасшылары және «Жас мемлекеттік қызметші мектебінің» тыңдаушылары Академияның Қызылорда облысы бойынша филиалында онлайн форматта қатысты.

Шараның мақсаты:
— Жастарды мемлекеттік қызметке тарту және олардың қызығушылығын арттыру;
— «Әділетті Қазақстан — Адал азамат» тұжырымдамасы аясындағы мемлекетік қызметшінің болмысы туралы ақпарат беру;
— Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін дамытудың 2024 — 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының мақсаттары мен міндеттерімен таныстыру.

Қатысушылар Академия филиалының мұражайымен, кітапханасымен және тестілеу орталығымен танысты.

Кездесу барысында мемлекеттік қызметшіге тән басты ұстанымдары және әділетті Қазақстан қағидаттарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің жағымды бейнесін қалыптастыруы жайында сұрақтар қойылып, тұшымды жауаптар алынды.

20 декабря 2024
Показать все
Академияның Қызылорда облысы бойынша филиалында жеке тұлғалардың сұранысы бойынша жоспардан тыс өңірлік кадр резерві мүшелеріне арналған оқыту семинары ұйымдастырылды

Академияның Қызылорда облысы бойынша филиалында жеке тұлғалардың сұранысы бойынша жоспардан тыс өңірлік кадр резерві мүшелеріне арналған оқыту семинары ұйымдастырылды.

Семинар мақсаты – мемлекеттік сектордың басқару мәдениетіне өзгерістер енгізу үшін резервшілердің құзыреттерін жетілдіру.

Оқыту семинарында талқыланатын тақырыптар:

— Мемлекеттік қызметтегі негізгі қағидаттар мен құндылықтар;
— Мансап жолымен өсуге мотивация;
— Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет жүйесі;
— Көпшілік алдында еркін сөйлеу;
— Шешендік өнер;
— Өзгерістерді басқару.

Тыңдаушылар семинар барысында өзгерістерді басқару, нәтижеге бағдарлану,
өзін-өзі дамыту құзыреттіліктерін игеруге мүмкіндік алады.

18 декабря 2024
Показать все
Тәуелсіз ел – тұғыры биік мемлекет

Академияның Қызылорда облысы бойынша филиалында 16 желтоқсан — Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіз ел – тұғыры биік мемлекет» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Дөңгелек үстел модераторы Мадалиева Ақзада Алайдарқызы – филиал директоры, заң ғылымдарының кандидаты.

Қатысушы спикерлер:

Мендалиев Ерлеген Жәрдемұлы — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысы кіріспе сөз сөйледі.

Тажмаханов Жағыпар Айтбайұлы — Қызылорда қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік басқару Академиясының түлегі «Тәуелсіздік және Қазақстан» тақырыбында баяндама оқыды.

Жарекеев Қуаныш Жақсыбайұлы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің «Құқықтану» БББ аға оқытушысы, заңтану магистрі «Тәуелсіздік – еркіндік пен елдік жолы» тақырыбындағы баяндама жасады.

Аяғанова Алмагүл Жанділдақызы — филиал доценті, психология ғылымдарының кандидаты «Тәуелсіздік – рухани күш және жасампаздық негізі» тақырыбында тұлғаның рухани тәуелсіздігіне байланысты психологиялық аспектілерге тоқталды.

Дөңгелек үстел барысында Тәуелсіздіктің келу тарихы, Жаңа Қазақстан құру жолында атаулы күннің алатын орны талқыланды.

Қатысқан қатысушылар өзара пікір алмасты. Іс-шараның қатысушыларға беретін рухани-тәрбиелік маңызы жоғары болды.

13 декабря 2024
Показать все
Жемқорлықсыз болашақ – әр азаматтың үлесі облыстық форумы

Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні 2004 жылдан бастап 9 желтоқсанда атап өтіледі.
Осы халықаралық күнді құрудың мақсаты – сыбайлас жемқорлық проблемасын және Конвенцияның сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы және оған қарсы күрестегі рөлін түсінуді тереңдету.

Ел Президентi Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттiк дамудың негiзгi басымдылықтарының арасында сыбайлас жемқорлықпен күрестi белгiледi. Бүгінгі күні мемлекеттік және жеке ұйымдардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің барлық нысандарын азайтудың тиімді құралдарының бірі — ISO 37001: 2016 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы басқару жүйесі» халықаралық стандарты болып табылады.

2020 жылдың шілдесінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы (бұдан әрі – Академия) парақорлыққа қарсы менеджмент жүйесінің халықаралық стандарт талаптарына сәйкестігіне сертификаттық аудиттен өтіп, біздің елімізде сертификатталған алғашқы мемлекеттік ұйым болды. Академияда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін зерттейтін ғылыми-зерттеу орталығы жұмыс атқаруда.

2024 жылы Академия серіктестерімен бірлесіп комплаенс-офицерлердің жұмысын тиімді ету мақсатында «Цифрлық комплаенс ассистент» цифрлық платформасын әзірледі.

2024 жылғы 25 және 26 қараша аралығында Академияда ISO 37001:2016 және ISO 37301:2021 халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкестігіне аудит жүргізіліп, сәтті өтті.

Филиалда біліктілік арттыру семинарларының ішінде сұранысқа ие «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс» семинары. 2023 жылы 8 семинар өткізілді, қатысушылар саны 2015 адамды құрады. 2024 жылы 27 қатысушы біліктілігін арттырды. Семинарларды ISO 37001 стандарты бойынша сертификатталған тренерлер өткізді.

Бүгінгі атаулы күнге орай «Жемқорлықсыз болашақ – әр азаматтың үлесі» облыстық форумына А.Мадалиева қатысты.

Форумда ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысы Қ.Ахметқалиевтен еліміздің өркендеп дамуы жолында, жемқорлыққа қарсы саясаттың іске асырылуына және қоғамда адалдық, әділдік, парасаттылық құндылықтарын нығайтуға қосқан үлесі үшін филиал директоры, з.ғ.к. А.Мадалиеваны Алғыс хатымен марапаттады.

09 декабря 2024
Показать все
Мемлекеттік қызмет мектебі

Академияның Қызылорда облысы бойынша филиалында 25-29 қараша аралығында өтетін «Мемлекеттік қызмет мектебі» жобасының қатысушыларына арналған семинар басталды.

Семинар мақсаты — мемлекеттік қызметке кіру үшін болашақ жас мемлекеттік қызметшілердің кәсіби құзыреттері мен практикалық дағдыларын арттыру.

Бүгінгі семинардың алғашқы дәрісін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Е.Ж.Мендалиев «Мемлекеттік қызметтегі негізгі қағидаттар мен құндылықтар. Мансап жолымен өсуге мотивация” тақырыбында өтті.
“Мемлекеттік қызмет мектебі” жобасының қатысушылары филиал мұражайын және кітапханасын аралады. Кітапхана қорына жаңадан келіп түскен кітаптардың бірі — Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбайдың «Әділетті Қазақстан — Адал азамат. Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және тұлғалық болмысы” атты кітабымен танысты.

25 ноября 2024
Показать все
Филиалының тыңдаушылары Нағи Ильясов ауылын аралады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің бірінші форумында «Адал еңбек арқылы толағай табыстарға қол жеткізген әрбір азамат ауылдардың көркеюіне жеке үлесін қосуы тиіс екеніне сенімдімін. Міне, нағыз патриотизм мен Отанға деген қамқорлықтың көрінісі осы болмақ. Әрбір табысты азамат туған жеріне қамқор болуы керек. Сондай-ақ Қызылорда облысындағы Нағи Ілиясов атындағы және Таң ауылы, Қарағанды облысындағы Шахтерское ауылы, Солтүстік Қазақстандағы Новоникольское ауылы да үлгі бола алады. Әрбір аймақта осындай гүлденген қауымдастықтар бар. Ауылдан келген табысты кәсіпкерлер көп. Мен кәсіпкерлерді туған жерлерін дамытуға шақырамын» деп атап көрсетті.

Бүгін Академияның Қызылорда облысы бойынша филиалының тыңдаушылары Нағи Ильясов ауылын аралады. Заман талабына сай жаңғырған ауылдың тыныс-тіршілігімен, тәжірибелерімен, озық идеяларымен танысты.

21 ноября 2024
Показать все
Жас мемлекеттік қызметшілер арасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мектеп» форматында семинар ұйымдастырылды.

Жас мемлекеттік қызметшілер арасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мектеп» форматында семинар ұйымдастырылды.

Бүгін Академияның Қызылорда облысы бойынша филиалында Академияның 30 жылдығы аясында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментімен бірлесе семинар өткізілді.

Семинарға қатысушы спикерлер:
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары А.А.Ашиков «Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты, ұлттық заңнаманың бұл бағыттағы жаңашылдықтары» тақырыбында баяндама оқыды.

ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры, заң ғылымдарының кандидаты А.А.Мадалиева «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплеанс» тақырыбында дәріс жүргізді.

ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облысы бойынша филиалының доценті, психология ғылымдарының кандидаты А.Ж.Аяғанова «Адал адам бейнесі және парасаттылық негізі» тақырыбында тренинг өтті.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің комплеанс офицері Ә.Б.Жаппасбаев «Комплеанс қызметін ұйымдастыру» тақырыбында баяндама оқыды.

Жас мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мектептің жоба атаулары:
— «Білім беру саласындағы мемлекеттік қызметшілерді сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінен сақтау»;
— «Жер учаскелерінің жалдау мерзімін ұзарту»;
— «Адал Бизнес – Адал Қазақстан»;
— «Қызылорда қаласын ыстық су жүйесімен қамту».

Командалар сыбайлас жемқорлық тәуекелдер картасы бойынша жобаларын тиісті деңгейде қорғап, алғыс хаттарымен марапатталды.

Семинар барысында тыңдаушылар сұрақтар қойып, пікір алмасып, ұсыныстарын білдірді.

12 ноября 2024
Показать все
Қазақстан мәслихаттарына — 30 жыл

Қазақстан мәслихаттарына — 30 жыл

?Биыл жергілікті өкілді орган Мәслихаттарының құрылғанына 30 жыл толып отыр. Осыған орай бүгін облыстық мәслихаттың ұйымдастыруымен » Жергілікті өкілді орган- мәслихаттардың өңір дамуындағы орны мен рөлі» атты ғылыми — практикалық конференцияға Академия түлегі, “Аманат” партиясы Қызылорда облысы филиалының төрағасы А.Ә.Есмаханов қатысып, баяндама оқыды және Академияның Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры, заң ғылымдарының кандидаты А.А.Мадалиева төмендегідей баяндама жасады.

?Тарихи қысқа мерзім ішінде, яғни 30 жылда, мәслихаттың барлық депутаттары өңірдің қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосып, Мемлекет Басшысы белгілеген стратегиялық жоспарларды іске асырудағы жетістіктерге байланысты болған көптеген маңызды шешімдер қабылдап, өз үлестерін қосып келеді.

?Өздеріңізге белгілі, ағымдағы жылдың 3 қазанында өткен
«Барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының II республикалық форумында» Мемлекет басшысы мәслихаттың мемлекеттік биліктің өте маңызды тармағы екенін атап өтіп, депутаттардың өкілді билік функциясын халықтың сеніміне сай жоғары деңгейде атқаруына қажет бірнеше мәселеге тоқталды.

?Ең бірінші кезекте, мәслихат депутаттарының біліктілік деңгейін жоспарлы түрде арттыру қажеттігіне назар аударды.

?Мәслихат депутаттарының біліктілігін жетілдіру туралы ұсыныс айтылды.

?Бұл бағытта, Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы әрқашан жергілікті өкілді органдармен өзара ынтымақтастықпен жұмыс жасауға дайын екендігін білдіреміз.

?Мемлекеттік басқару академиясы – мемлекеттік қызметшілер мен білім алушыларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын ерекше мәртебеге ие жоғары оқу орын болып табылады.

?Біздің Академияның алаңында біліктілік деңгейін арттыруға мүмкіндік беретін барлық қажетті құралдар мен кейстер, кәсіби мамандар мен білікті тренерлер, спикерлер, дәріскерлер бар.

?Бізде облыстық мәслихат аппаратымен өзара он тәжірибе қалыптасқан.
Биылғы жылдың өзінде Депутаттар біліктілігін арттыру бағытында бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды.

?Атап айтқанда, ағымдағы жылы «Мәслихаттардың рөлі мен әлеуетін күшейтудің заманауи тәсілдері» тақырыбында семинар курстары өткізіліп, 62 депутат біліктілігін арттырды.
Семинар аясында:
— Эмоционалды тұрақтылық және коммуникациялық дағдылар;
— халықпен коммуникацияның тиімді формалары, әлеуметтік желілердегі коммуникациялық менеджмент;
— бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс. (пиар)PR-жұмыс. Депутаттар парақшаларына талдау. Комментарийлер мен кері байланыс құралдары;
— ақпаратқа қол жеткізу, азаматтардың өтініштерімен жұмыс жасау мәселелері бойынша ҚР заңнамасы: құқық қолдану практикасы;
— мәслихат депутаттарының сайлаушылармен өзара іс-қимылының тиімді нысандары;
ҚР-дағы стратегиялық және бюджеттік жоспарлау, халықтың қажеттіліктерін бюджеттеу, бюджеттің кіріс және шығыс бөліктері:
Бұндай шараларды одан әрі күшейту мақсатында, қазір біз аудандық (қалалық) мәслихаттармен қажетті тақырыптағы бағдарламаларға сәйкес, семинарлар жүргізу қарастырылуда.

?Белгілі бір мәмілеге келгеннен кейін тиісті оқыту семинарларын ұйымдастыратын боламыз.
Сондықтан, депутаттар корпусын осы шараларға белсенді қатысуға шақырамыз.

?Қортындылай келе, халықтың мүддесін білдіретін,
мемлекеттік билік пен азаматтар арасындағы маңызды байланыстырушы қызметтеріңізге сәттілік тілеймін!

08 ноября 2024
Показать все
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі туралы

Академияның Қызылорда облысы бойынша филиалында біліктілік арттыру семинарының және қайта даярлау курсының тыңдаушыларына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Мендалиев Ерлеген Жәрдемұлы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі туралы» тақырыбында дәріс өтті.

Дәріс барысында. мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттыруда әдеп нормаларын сақтау қағидасы, мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік және әкімшілік жауаптылығы талқыланды, сонымен қатар спикер мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамадағы өзгерістерге тоқталды.

Тыңдаушылар қызмет барысы бойынша қойылған сұрақтарына тұшымды жауаптарын алды.

07 ноября 2024
Показать все
Депутаттар біліктілігін арттыруда

   28 қазан – 01 қараша аралығында мәслихат депутаттарына арналған «Мәслихаттардың рөлі мен әлеуетін күшейтудің заманауи тәсілдері» тақырыбындағы семинар басталды.
Семинар мақсаты – жаңа сын-қатерлер мен қазіргі нақтылық жағдайында тиімді қызмет ету үшін барлық деңгейдегі депутаттардың кәсіби құзыреттері мен практикалық дағдыларының деңгейін арттыру.

Семинардың кіріспе сөзін Қызылорда облыстық мәслихат төрағасы – Тлеумбетов Мұрат Жолкелдіұлы сөйледі.

Семинарға спикерлер ретінде облыстық мәслихат депутаттары, тәжірибелі мамандар, ғалымдар мен журналистер тартылды.

Семинар тыңдаушылардың келесі бағыттар бойынша құзыреттерін жетілдіруге бағытталған:
✓ Ақпаратқа қол жеткізу, азаматтардың өтініштерімен жұмыс жасау мәселелері бойынша ҚР заңнамасы: құқық қолдану практикасы;
✓ Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жаңа архитектурасы;
✓ Тиімді депутаттық қызметті ұйымдастыру;
✓ Көпшілік алдында сөз сөйлеу дағдылары;
✓ Тиімді коммуникациялар;
✓ Мәслихат депутаттарының сайлаушылармен өзара әрекеттесуі.

28 октября 2024
Показать все
Егемендік – елдің тірегі

     Академияның Қызылорда облысы бойынша филиалында Академияның 30 жылдығы аясында және 25 қазан — Республика күніне орай «Егемендік – елдің тірегі» тақырыбында «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік басшы лауазымына алғаш тағайындалған мемлекеттік қызметшілерінің қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Дөңгелек үстел модераторы Мадалиева Ақзада Алайдарқызы – филиал директоры, заң ғылымдарының кандидаты.

Қатысушы спикерлер:
Бибитова Мирамкуль Малаевна ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары кіріспе сөз сөйледі.

Шарипбаев Даурен Сақтапбергенұлы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің
Қызылорда облысы бойынша өкілі «Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтық мәртебесі» тақырыбында баяндама оқыды.

Жарекеев Қуаныш Жақсыбайұлы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің «Құқықтану» БББ аға оқытушысы, заңтану магистрі «Ел таңдауы-егемендік» тақырыбындағы баяндамасымен бөлісті.

Дөңгелек үстел барысында Республика күні мерекесіне ұлттық мереке мәртебесінің берілуі, мереке тарихы, Жаңа Қазақстан құру жолында аталған мерекенің алатын орны сияқты өзекті мәселелер қаралды. Іс-шараның қатысушыларға беретін рухани-тәрбиелік маңызы жоғары болды.

22 октября 2024
Показать все
МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫ: ӘЛЕМДІК ДЕҢГЕЙДЕГІ БІЛІМ ОРДАСЫ

МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫ: ӘЛЕМДІК ДЕҢГЕЙДЕГІ БІЛІМ ОРДАСЫ

ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы – мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын ерекше мәртебеге ие жоғары оқу орны. Академия бәсекеге қабілетті білім беру мен зерттеу өнімдерін өндіру үшін институционалдық жағдайларын дамытуды мақсат етіп, мемлекеттік қызметшілер арасында жоғары басқарушылық мәдениетті қалыптастыруды көздейді. 1-30 қараша аралығында магистратураның білім беру бағдарламалары бойынша биылғы жылға қосымша қабылдау жүргізілуде. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Ақзада Мадалиева айтты.

– ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына ҚР заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қаржыландыру көздері есебінен оқу мерзімі бір жыл, мемлекеттік қызметшілер, мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын ведомстволық бағынысты ұйымдардың өкілдері, квазимемлекеттік сектор субъектілері, мәслихаттар депутаттары үшін модульдік оқыту қағидаты бойынша магистратураның білім беру бағдарламалары бойынша 2024 жылға қосымша қабылдау жүргізілуде. Құжаттар 2024 жылғы 01-30 қараша аралығында https://admission.apa.kz онлайн қабылдау жүйесі арқылы қабылданады. Үміткерлер үшін магистратураның білім беру бағдарламаларына шет тілін білу деңгейі талап етілмейді,- деді Ақзада Алайдарқызы.

Оқуға ақылы негізде, өндірістен қол үзбей күндізгі қашықтықтан оқыту магистратураның «ЕМРА – Мемлекеттік басқару» бағдарламасы бойынша құжаттарды тапсыру сәтінде басшылық лауазымда кемінде екі жыл еңбек өтілі бар, «MRD — Өңірлік даму» екі жыл жалпы еңбек өтілі бар тұлғалар тапсыра алады.

– Модульдік оқыту – бұл оқыту мазмұнын модульдер деп аталатын шағын блоктарға бөлуге негізделген оқыту әдісі. Оқу жылы 6 модульден тұрады, олардың әрқайсысында офлайн және қашықтықтан оқыту форматтары қарастырылған. Бұл тәсіл білім алушыларға материалдың жекелеген бөліктерін ыңғайлы қарқынмен және негізгі жұмыстан қол үзбей арнайы кесте бойынша оқып-зерделеуге мүмкіндік береді. Модульдік оқытудың бірнеше артықшылығы бар. Модульдер оқыту қарқыны оқу мазмұнын барынша тиімді игеруге мүмкіндік беретіндей етіп ұйымдастырылған. Жалпы, конкурстық іріктеу екі кезең бойынша өтеді. Біріншісі – аналитикалық эссе болса, екіншісі – сұхбат. Аналитикалық эссе – бұл белгілі бір мәселе бойынша жеке ұстаным мен талдауды білдіретін еркін композициядағы жазбаша жұмыс және кәсіби қызмет саласындағы хабардарлықты анықтауға бағытталуы мүмкін. Ал, сұхбат – білімнің тереңдігін, стратегиялық ойлауды, өзінен-өзі дамытуға деген ұмтылысты, үміткердің коммуникациялық дағдыларын анықтау тәсілі,- деді ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облысы бойынша филиалының аға оқытушысы Гүлсара Нұрова.

Сұхбаттың мақсаты – үміткерлердің кәсіби және жеке құзіреттерінің деңгейін, оқуға деген ынтасын, мемлекеттік басқару жүйесінің стартегиялық және бағдарламалық құжаттарын, нормативтік-құқықтық актілер мен заңнаманы білу болып табылады.

– ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін арттыруда маңызды орын алады. Академияда оқу қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіліп әлемдік деңгейдегі профессорлар мен сарапшылар тартылған. Бұл оқу орны мемлекеттік қызметкерлердің жаңа көзқарастар қалыптасытруына, инновациялық шешімдер табуына, кәсіби дамуына зор үлес қосып келеді. 2022 жылы облыс бойынша алғаш рет мемлекеттік басқару академиясының докторантурасына грант жеңіп алдым. Қазір оқуымның үшінші жылындамын. Бүгінде ҚР Су дипломатиясы және Орталық Азиядағы транс шекаралық су ресурстарын реттейтін модельін даярлап, қазір диссертациялық жұмыс жазып жатырмын. Бүгінгі күнге дейін 3 ғылыми мақалам жарық көрді. Бұл мен үшін үлкен дәреже,- деді ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының докторанты Альбина Прниязова.

22 октября 2024
Показать все
Депутаттар семинарды сәтті аяқтады

Бүгін мәслихат депутаттарына Қазақстан РТРК Қызылорда облыстық филиалы /Qyzylorda телеарнасының директоры, Ұлыбританияның Лидс университетін «Болашақ» бағдарламасымен бітірген, Саяси қатынастар магистрі Әмиша Нұрбек «Халықпен коммуникацияның тиімді формалары. Әлеуметтік желілердегі коммуникациялық менеджмент» тақырыбында дәріс оқыды.

Дәріс барысында бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс, депутаттар парақшаларына талдау және комментарийлер мен кері байланыс құралдары бойынша сұрақтар талқыланды.

«Мәслихаттардың рөлі мен әлеуетін күшейтудің заманауи тәсілдері» тақырыбындағы семинарды мәслихат депутаттары сәтті аяқтады. Өңіріміздің даму жолындағы қызметтеріне сәттілік және мақсаттарының орындалуына тілектеспіз!

11 октября 2024
Показать все
Академия түлегі дәріс өтті

Академияның Қызылорда облысы бойынша филиалына Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының 2013 жылғы түлегі, “Саясаттану”магистрі, “Аманат” партиясы Қызылорда облысы филиалының төрағасы Есмаханов Алмасбек Әбілқасымұлы мәслихат депутаттарына “Партия қызметін жүргізудегі мәслихаттар депутаттарының ролі мен маңызы” тақырыбында дәріс оқыды.

Дәріс барысында жаңа сын-қатерлер мен тиімді қызмет ету үшін депутаттардың кәсіби құзыреттіліктерін дамыту, практикалық дағдыларын арттыру бойынша сұрақтар талқыланды.

10 октября 2024
Показать все