Академия
жаңалықтары

Қазақстан мәслихаттарына – 30 жыл

Қазақстан мәслихаттарына – 30 жыл

?Биыл жергілікті өкілді орган Мәслихаттарының құрылғанына 30 жыл толып отыр. Осыған орай бүгін облыстық мәслихаттың ұйымдастыруымен » Жергілікті өкілді орган- мәслихаттардың өңір дамуындағы орны мен рөлі» атты ғылыми – практикалық конференцияға Академия түлегі, “Аманат” партиясы Қызылорда облысы филиалының төрағасы А.Ә.Есмаханов қатысып, баяндама оқыды және Академияның Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры, заң ғылымдарының кандидаты А.А.Мадалиева төмендегідей баяндама жасады.

?Тарихи қысқа мерзім ішінде, яғни 30 жылда, мәслихаттың барлық депутаттары өңірдің қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосып, Мемлекет Басшысы белгілеген стратегиялық жоспарларды іске асырудағы жетістіктерге байланысты болған көптеген маңызды шешімдер қабылдап, өз үлестерін қосып келеді.

?Өздеріңізге белгілі, ағымдағы жылдың 3 қазанында өткен
«Барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының II республикалық форумында» Мемлекет басшысы мәслихаттың мемлекеттік биліктің өте маңызды тармағы екенін атап өтіп, депутаттардың өкілді билік функциясын халықтың сеніміне сай жоғары деңгейде атқаруына қажет бірнеше мәселеге тоқталды.

?Ең бірінші кезекте, мәслихат депутаттарының біліктілік деңгейін жоспарлы түрде арттыру қажеттігіне назар аударды.

?Мәслихат депутаттарының біліктілігін жетілдіру туралы ұсыныс айтылды.

?Бұл бағытта, Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы әрқашан жергілікті өкілді органдармен өзара ынтымақтастықпен жұмыс жасауға дайын екендігін білдіреміз.

?Мемлекеттік басқару академиясы – мемлекеттік қызметшілер мен білім алушыларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын ерекше мәртебеге ие жоғары оқу орын болып табылады.

?Біздің Академияның алаңында біліктілік деңгейін арттыруға мүмкіндік беретін барлық қажетті құралдар мен кейстер, кәсіби мамандар мен білікті тренерлер, спикерлер, дәріскерлер бар.

?Бізде облыстық мәслихат аппаратымен өзара он тәжірибе қалыптасқан.
Биылғы жылдың өзінде Депутаттар біліктілігін арттыру бағытында бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды.

?Атап айтқанда, ағымдағы жылы «Мәслихаттардың рөлі мен әлеуетін күшейтудің заманауи тәсілдері» тақырыбында семинар курстары өткізіліп, 62 депутат біліктілігін арттырды.
Семинар аясында:
– Эмоционалды тұрақтылық және коммуникациялық дағдылар;
– халықпен коммуникацияның тиімді формалары, әлеуметтік желілердегі коммуникациялық менеджмент;
– бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс. (пиар)PR-жұмыс. Депутаттар парақшаларына талдау. Комментарийлер мен кері байланыс құралдары;
– ақпаратқа қол жеткізу, азаматтардың өтініштерімен жұмыс жасау мәселелері бойынша ҚР заңнамасы: құқық қолдану практикасы;
– мәслихат депутаттарының сайлаушылармен өзара іс-қимылының тиімді нысандары;
ҚР-дағы стратегиялық және бюджеттік жоспарлау, халықтың қажеттіліктерін бюджеттеу, бюджеттің кіріс және шығыс бөліктері:
Бұндай шараларды одан әрі күшейту мақсатында, қазір біз аудандық (қалалық) мәслихаттармен қажетті тақырыптағы бағдарламаларға сәйкес, семинарлар жүргізу қарастырылуда.

?Белгілі бір мәмілеге келгеннен кейін тиісті оқыту семинарларын ұйымдастыратын боламыз.
Сондықтан, депутаттар корпусын осы шараларға белсенді қатысуға шақырамыз.

?Қортындылай келе, халықтың мүддесін білдіретін,
мемлекеттік билік пен азаматтар арасындағы маңызды байланыстырушы қызметтеріңізге сәттілік тілеймін!

08 Қараша 2024
Барлығы
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі туралы

Академияның Қызылорда облысы бойынша филиалында біліктілік арттыру семинарының және қайта даярлау курсының тыңдаушыларына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Мендалиев Ерлеген Жәрдемұлы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі туралы» тақырыбында дәріс өтті.

Дәріс барысында. мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттыруда әдеп нормаларын сақтау қағидасы, мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік және әкімшілік жауаптылығы талқыланды, сонымен қатар спикер мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамадағы өзгерістерге тоқталды.

Тыңдаушылар қызмет барысы бойынша қойылған сұрақтарына тұшымды жауаптарын алды.

07 Қараша 2024
Барлығы
Депутаттар біліктілігін арттыруда

    28 қазан – 01 қараша аралығында мәслихат депутаттарына арналған «Мәслихаттардың рөлі мен әлеуетін күшейтудің заманауи тәсілдері» тақырыбындағы семинар басталды.
Семинар мақсаты – жаңа сын-қатерлер мен қазіргі нақтылық жағдайында тиімді қызмет ету үшін барлық деңгейдегі депутаттардың кәсіби құзыреттері мен практикалық дағдыларының деңгейін арттыру.

Семинардың кіріспе сөзін Қызылорда облыстық мәслихат төрағасы – Тлеумбетов Мұрат Жолкелдіұлы сөйледі.

Семинарға спикерлер ретінде облыстық мәслихат депутаттары, тәжірибелі мамандар, ғалымдар мен журналистер тартылды.

Семинар тыңдаушылардың келесі бағыттар бойынша құзыреттерін жетілдіруге бағытталған:
✓ Ақпаратқа қол жеткізу, азаматтардың өтініштерімен жұмыс жасау мәселелері бойынша ҚР заңнамасы: құқық қолдану практикасы;
✓ Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жаңа архитектурасы;
✓ Тиімді депутаттық қызметті ұйымдастыру;
✓ Көпшілік алдында сөз сөйлеу дағдылары;
✓ Тиімді коммуникациялар;
✓ Мәслихат депутаттарының сайлаушылармен өзара әрекеттесуі.

28 Қазан 2024
Барлығы
Егемендік – елдің тірегі

    Академияның Қызылорда облысы бойынша филиалында Академияның 30 жылдығы аясында және 25 қазан – Республика күніне орай «Егемендік – елдің тірегі» тақырыбында «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік басшы лауазымына алғаш тағайындалған мемлекеттік қызметшілерінің қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Дөңгелек үстел модераторы Мадалиева Ақзада Алайдарқызы – филиал директоры, заң ғылымдарының кандидаты.

Қатысушы спикерлер:
Бибитова Мирамкуль Малаевна ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары кіріспе сөз сөйледі.

Шарипбаев Даурен Сақтапбергенұлы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің
Қызылорда облысы бойынша өкілі «Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтық мәртебесі» тақырыбында баяндама оқыды.

Жарекеев Қуаныш Жақсыбайұлы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің «Құқықтану» БББ аға оқытушысы, заңтану магистрі «Ел таңдауы-егемендік» тақырыбындағы баяндамасымен бөлісті.

Дөңгелек үстел барысында Республика күні мерекесіне ұлттық мереке мәртебесінің берілуі, мереке тарихы, Жаңа Қазақстан құру жолында аталған мерекенің алатын орны сияқты өзекті мәселелер қаралды. Іс-шараның қатысушыларға беретін рухани-тәрбиелік маңызы жоғары болды.

22 Қазан 2024
Барлығы
Депутаттар семинарды сәтті аяқтады

Бүгін мәслихат депутаттарына Қазақстан РТРК Қызылорда облыстық филиалы /Qyzylorda телеарнасының директоры, Ұлыбританияның Лидс университетін «Болашақ» бағдарламасымен бітірген, Саяси қатынастар магистрі Әмиша Нұрбек «Халықпен коммуникацияның тиімді формалары. Әлеуметтік желілердегі коммуникациялық менеджмент» тақырыбында дәріс оқыды.

Дәріс барысында бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс, депутаттар парақшаларына талдау және комментарийлер мен кері байланыс құралдары бойынша сұрақтар талқыланды.

«Мәслихаттардың рөлі мен әлеуетін күшейтудің заманауи тәсілдері» тақырыбындағы семинарды мәслихат депутаттары сәтті аяқтады. Өңіріміздің даму жолындағы қызметтеріне сәттілік және мақсаттарының орындалуына тілектеспіз!

11 Қазан 2024
Барлығы
Академия түлегі дәріс өтті

Академияның Қызылорда облысы бойынша филиалына Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының 2013 жылғы түлегі, “Саясаттану”магистрі, “Аманат” партиясы Қызылорда облысы филиалының төрағасы Есмаханов Алмасбек Әбілқасымұлы мәслихат депутаттарына “Партия қызметін жүргізудегі мәслихаттар депутаттарының ролі мен маңызы” тақырыбында дәріс оқыды.

Дәріс барысында жаңа сын-қатерлер мен тиімді қызмет ету үшін депутаттардың кәсіби құзыреттіліктерін дамыту, практикалық дағдыларын арттыру бойынша сұрақтар талқыланды.

10 Қазан 2024
Барлығы
Депутаттар біліктілігін арттыруда

«Партиялар өз депутаттарының біліктілігін жетілдіру мақсатында Академиямен ынтымақтастық орнатқан жөн деп санаймын»
Қасым-Жомарт Тоқаев

Академияның Қызылорда облысы бойынша филиалында 7-11 қазан аралығында облыстық, қалалық, аудандық мәслихаттар депутаттарына арналған «Мәслихаттардың рөлі мен әлеуетін күшейтудің заманауи тәсілдері» тақырыбында біліктілік арттыру семинары өткізіледі. Семинарға Академия ректоры Е. Әбіл онлайн қосылып, кіріспе сөз сөйледі. Алғашқы дәрісті Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Зебешев Ардак «Өңіріміздің инвестициялық ахуалы және даму перспективалары» тақырыбында оқыды.
Семинарға спикерлер ретінде облыстық мәслихат депутаттары, тәжірибелі мамандар, ғалымдар мен журналистер тартылды.
Семинар тыңдаушылардың келесі бағыттар бойынша құзыреттерін жетілдіруге бағытталған:
✓ Ақпаратқа қол жеткізу, азаматтардың өтініштерімен жұмыс жасау мәселелері бойынша ҚР заңнамасы: құқық қолдану практикасы;
✓ Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жаңа архитектурасы;
✓ Тиімді депутаттық қызметті ұйымдастыру;
✓ Көпшілік алдында сөз сөйлеу дағдылары;
✓ Тиімді коммуникациялар;
✓ Мәслихат депутаттарының сайлаушылармен өзара әрекеттесуі.

07 Қазан 2024
Барлығы
Стратегиялық менеджмент және көшбасшылық

Бүгін Академияның Қызылорда облысы бойынша филиалының тыңдаушыларына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты – Байқадамов Наурызбай Сейтқалиұлы “Стратегиялық менеджмент және көшбасшылық” тақырыбында дәріс оқыды.
?Дәріс барысында Н.Байқадамов стратегиялық менеджмент мазмұны мен қағидаларына, көшбасшының стратегиясына, тиімді стратегия және оның талаптарына тоқталды.
?Дәріс соңында тыңдаушылар көкейіндегі сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды.

25 Қыркүйек 2024
Барлығы
Ең алдымен адамдар: мемлекеттік қызметтердің сапасын арттырудың практикалық құралдары
Академияның Қызылорда облысы бойынша филиалы және ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті қызметкерлері 19-20 қыркүйек аралығында Арал, Қазалы аудандарында «Ең алдымен адамдар: мемлекеттік қызметтердің сапасын арттырудың практикалық құралдары» тақырыбында көшпелі семинар өткізді.
Семинар барысында талқыланған тақырыптар:
• Тұтынушыға бағдарланған қызмет көрсету;
• Мемлекеттік қызметтер көрсету саласында заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету;
• Көрсетілетін қызметтерді тұтынушыға бағдарлаудың психологиялық аспектілері;
• Адамдармен психологиялық байланыс орнату қағидаттары.
• Практикалық кейстерді талқылау.
23 Қыркүйек 2024
Барлығы
АЭС салудың маңыздылығы түсіндірілді

Бүгін Академияның Қызылорда облысы бойынша филиалында Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауы аясында біліктілік арттыру семинарының тыңдаушыларымен қонақ-дәріс ұйымдастырылды.
?Аталған шараға Қорқыт Ата атындағы ҚМУ химиялық зерттеулер және технологиялар институтының директоры, х.ғ.к., профессор Аппазов Нұрбол Орынбасарұлы қатысты. Кездесу барысында елімізде атом электр стансасын салуға қатысты өз пікірін білдіріп, тыңдаушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

13 Қыркүйек 2024
Барлығы
Тәжірибе алмасу
Бүгін Академияның Қызылорда облысы бойынша филиалында Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауы аясында біліктілік арттыру семинарының тыңдаушыларымен қонақ-дәріс ұйымдастырылды.
Шараға Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының Адами капиталды дамыту бөлімінің сарапшысы Қасымжан Мадина Касымжанқызы Мемлекет басшысы Жолдауындағы кәсіпкерлікті жүйелі түрде қолдау бойынша тәжірибесімен бөлісті.
Кездесу барысында тыңдаушылар тарапынан сұрақтар қойылып, тәжірибе алмасудың мүмкіндіктеріне ие болды.
13 Қыркүйек 2024
Барлығы
Кәсіби дағдыларды дамыту бойынша мастер-класс өткізілді
Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби- тұлғалық болмысын жетілдіру аясындағы мастер- класстан үзінді
Кәсіби дағдылар: ✅️ уақытты тиімді басқару; ✅️ коммуникациялық дағды; ✅️ шешім қабылдау ✅️ жанжалдарды басқару және ұжымды ынталандыру
11 Қыркүйек 2024
Барлығы
Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм

Мемлекет басшысы 2024 жылғы 2 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқы Жолдауына Филиал қызметкерлері мен профессор-оқытушылар құрамы пікір білдірді.

09 Қыркүйек 2024
Барлығы
Құрметті достар, әріптестер!
6 қыркүйектен бастап Академия ректоры Ерлан Қуанышұлы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры лауазымына тағайындап, жауапкершілігі жоғары қызметті жүктеді. Академия меритократия қағидасын іс жүзінде жүзеге асырады.
Бірнеше жыл Филиалда мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру семинарларында дәріс жүргізіп, профессор лауазымын атқардым. Академия базасында ISO 37001 сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты бойынша сертификатталған аудитор, Жобалық менеджмент саласының тренер-кеңесшісі және Стратегиялық HR бағыттарындарында біліктілік арттырып, кәсіби тұрғыда дамуға мүмкіндік берілді.
Ендігі кезекте туып өскен киелі Сыр еліне бар күшімді салып, Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында кәсіби мемлекеттік аппарат құру үшін облыстағы мемлекеттік органдармен бірлесіп жұмыс жасаймын.
Ерлан Қуанышұлы және Академия ұжымына сенім білдіргендеріңіз үшін алғысымды білдіремін!
06 Қыркүйек 2024
Барлығы
Өмір: ақыннан бір үзік ой

Академияның Қызылорда облысы бойынша филиалында тыңдаушылармен 30 жылдық мерейтой аясында айтыскер ақын, Ұлағатты ұстаз, ҚР Мәдениет саласының үздігі, Қызылорда облысының Құрметті қызметкері С.Ыдырысовпен «Өмір: ақыннан бір үзік ой» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында С. Ыдырысов шығармашылық өмірінен, айтыстағы жетістіктері мен қызықты сәттерінен, Сыр өңіріне қонаққа келген алыс -жақын шетелдік қонақтарды ақын ретінде қарсы алу сәттерінен сыр шертті. Ақынның өмір туралы тағылымды әңгімесінде адами болмыс, қарапайымдылық, жеке ұстаным, ұлттық құндылықтар, есеюдің сырлары, мемлекеттік қызметшінің бейнесі сияқты терең ойлы және әсерлі тақырыптар қозғалды. Ақын отбасы мен қызметті теңгерімді ұстаудағы қағидаттар, мансаптық өсудегі басты талаптар туралы өз ойын білдірді. Сырдың сырлы ақыны Ы. Ыдырысов Академияның 30 жылдығына өз арнауын ұсынды.

АКАДЕМИЯҒА АРНАУ

Мемлекеттік қызметтерді дарытқан,

Қызмет сырын білімменен дамытқан.

Мемлекеттік басқару академиясы,

Секілді екен нұрын шашқан жарықтан.

30 жасқа келіпті биыл бұл ұжым,

Көзбен көрдім парасат пен қызығын.

Құттықтаймын мерекелі жылымен,

Мемлекеттік академия ұжымын!

 

Серік Махмұдұлы Ыдырысов

25 Сәуір 2024
Барлығы