Академия
жаңалықтары

Мотивациялық кездесу

Ағымдағы жылдың 9 сәуірінде Академияның Қызылорда облысы бойынша филиалында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті жанындағы «Тәлімгерлер кеңесі» консультативтік-кеңесші органның төрағасы, Департамент басшысы Мендалиев Ерлеген Жәрдемұлы мен консультативтік кеңесші органның тең төрағасы Нәлібаев Мақсұт Ыбрайханұлы «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік басшы лауазымына алғаш тағайындалған мемлекеттік қызметшілерге арналған қайта даярлау курсының тыңдаушыларымен мотивациялық кездесу өткізді. Кездесу барысында консультативтік-кеңесші орган мақсаты мен міндеттері айтылды. Спикерлер мемлекеттік қызметтегі тәжірибесімен және мемлекеттік қызмет жүйесіне енгізілген жаңаша өзгерістермен бөлісті. Сондай-ақ мемлекеттік қызметтегі жұмыстың қиындығы туралы, осы қиындықтарды еңсеру және мемлекеттік қызметшінің мансап сатысына көтерілу мүмкіндіктері туралы айтып берді. Аталған іс-шара мемлекеттік қызметшілерді адал қызметке бағыттау және олардың әдеп нормаларын сақтауға шақыру мақсатында өткізілді.

09 Сәуір 2024
Барлығы