«Белгісіздік жағдайында қызмет тиімділігін арттыру» тақырыбындағы 5 күндік семинар да мәресіне жетті.
Ізденістер, материалдарды талдау, заманауи тұжырымдар білім кеңістігімді тағы бір алға жылжытып тастады. Сіздермен бөлісуді жөн санап отырмын.
Семинар барысында төмендегідей сұрақтар талқыланды:
— VUCA жағдайының өзгеруіне бейімделу;
белгісіздік кезіндегі мүмкіндіктер. Жағдайды бағалау, болып жатқан өзгерістер: SWOT – талдау;
көшбасшының стратегиясы — VUCA. (көру-түсіну-айқындық-реакция);
өзгерістер мен инновацияларды басқаруға қажетті дағдылар;
белгісіздік жағдайындағы сценарийді жоспарлау;
Блейк-Моутонның басқару торы;
эмоциялық интеллект.
Неліктен бізге өзгеру қиын?
иллюзия #1: Тұрақты жұмыс
иллюзия #2: Бәрі тынышталғанша күте тұру керек.
иллюзия #3: «Вирусты» армандар.
иллюзия#4: Өзі үшін жұмыс жасау.
иллюзия#5: Алдымен қорқынышпен күресу керек!
*****************************
Белгісіздік — бұл біздің шындық!
*****************************
Сценарий- бұл біз қалайтын болашақ.
*****************************
Адам өзі елестете алатын нәрсеге сенеді.
*****************************
TAIDA- болашақ туралы ойлау алгоритмі.
T- бақылау
А- талдау
І — бейне құру
D- шешім қабылдау
A- әрекет
*****************************
ХХІ ғасырдағы soft skills:
— креативтілік;
— бейімделу:
— сандық сезімталдық;
— өзара іс- қимыл жасау;
— тайм- менеджмент;
— сендіру қабілеті және тб
VUCA — бұл бір мезеттегі қауіп пен мүмкіндік.
Түйін: Әлдекімнен көмек күтіп не басқа бір сәтті тосып отырсақ, өзгеріс өздігінен келмейді. Өзімізді ғана күту керек. Өзгеріс деген — мына өзіміз (Б. Обама)