Новости

Қазақстан мәслихаттарына — 30 жыл

Қазақстан мәслихаттарына — 30 жыл

?Биыл жергілікті өкілді орган Мәслихаттарының құрылғанына 30 жыл толып отыр. Осыған орай бүгін облыстық мәслихаттың ұйымдастыруымен » Жергілікті өкілді орган- мәслихаттардың өңір дамуындағы орны мен рөлі» атты ғылыми — практикалық конференцияға Академия түлегі, “Аманат” партиясы Қызылорда облысы филиалының төрағасы А.Ә.Есмаханов қатысып, баяндама оқыды және Академияның Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры, заң ғылымдарының кандидаты А.А.Мадалиева төмендегідей баяндама жасады.

?Тарихи қысқа мерзім ішінде, яғни 30 жылда, мәслихаттың барлық депутаттары өңірдің қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосып, Мемлекет Басшысы белгілеген стратегиялық жоспарларды іске асырудағы жетістіктерге байланысты болған көптеген маңызды шешімдер қабылдап, өз үлестерін қосып келеді.

?Өздеріңізге белгілі, ағымдағы жылдың 3 қазанында өткен
«Барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының II республикалық форумында» Мемлекет басшысы мәслихаттың мемлекеттік биліктің өте маңызды тармағы екенін атап өтіп, депутаттардың өкілді билік функциясын халықтың сеніміне сай жоғары деңгейде атқаруына қажет бірнеше мәселеге тоқталды.

?Ең бірінші кезекте, мәслихат депутаттарының біліктілік деңгейін жоспарлы түрде арттыру қажеттігіне назар аударды.

?Мәслихат депутаттарының біліктілігін жетілдіру туралы ұсыныс айтылды.

?Бұл бағытта, Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы әрқашан жергілікті өкілді органдармен өзара ынтымақтастықпен жұмыс жасауға дайын екендігін білдіреміз.

?Мемлекеттік басқару академиясы – мемлекеттік қызметшілер мен білім алушыларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын ерекше мәртебеге ие жоғары оқу орын болып табылады.

?Біздің Академияның алаңында біліктілік деңгейін арттыруға мүмкіндік беретін барлық қажетті құралдар мен кейстер, кәсіби мамандар мен білікті тренерлер, спикерлер, дәріскерлер бар.

?Бізде облыстық мәслихат аппаратымен өзара он тәжірибе қалыптасқан.
Биылғы жылдың өзінде Депутаттар біліктілігін арттыру бағытында бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды.

?Атап айтқанда, ағымдағы жылы «Мәслихаттардың рөлі мен әлеуетін күшейтудің заманауи тәсілдері» тақырыбында семинар курстары өткізіліп, 62 депутат біліктілігін арттырды.
Семинар аясында:
— Эмоционалды тұрақтылық және коммуникациялық дағдылар;
— халықпен коммуникацияның тиімді формалары, әлеуметтік желілердегі коммуникациялық менеджмент;
— бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс. (пиар)PR-жұмыс. Депутаттар парақшаларына талдау. Комментарийлер мен кері байланыс құралдары;
— ақпаратқа қол жеткізу, азаматтардың өтініштерімен жұмыс жасау мәселелері бойынша ҚР заңнамасы: құқық қолдану практикасы;
— мәслихат депутаттарының сайлаушылармен өзара іс-қимылының тиімді нысандары;
ҚР-дағы стратегиялық және бюджеттік жоспарлау, халықтың қажеттіліктерін бюджеттеу, бюджеттің кіріс және шығыс бөліктері:
Бұндай шараларды одан әрі күшейту мақсатында, қазір біз аудандық (қалалық) мәслихаттармен қажетті тақырыптағы бағдарламаларға сәйкес, семинарлар жүргізу қарастырылуда.

?Белгілі бір мәмілеге келгеннен кейін тиісті оқыту семинарларын ұйымдастыратын боламыз.
Сондықтан, депутаттар корпусын осы шараларға белсенді қатысуға шақырамыз.

?Қортындылай келе, халықтың мүддесін білдіретін,
мемлекеттік билік пен азаматтар арасындағы маңызды байланыстырушы қызметтеріңізге сәттілік тілеймін!