Жас мемлекеттік қызметшілер арасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мектеп» форматында семинар ұйымдастырылды.
Бүгін Академияның Қызылорда облысы бойынша филиалында Академияның 30 жылдығы аясында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментімен бірлесе семинар өткізілді.
Семинарға қатысушы спикерлер:
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары А.А.Ашиков «Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты, ұлттық заңнаманың бұл бағыттағы жаңашылдықтары» тақырыбында баяндама оқыды.
ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры, заң ғылымдарының кандидаты А.А.Мадалиева «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплеанс» тақырыбында дәріс жүргізді.
ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облысы бойынша филиалының доценті, психология ғылымдарының кандидаты А.Ж.Аяғанова «Адал адам бейнесі және парасаттылық негізі» тақырыбында тренинг өтті.
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің комплеанс офицері Ә.Б.Жаппасбаев «Комплеанс қызметін ұйымдастыру» тақырыбында баяндама оқыды.
Жас мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мектептің жоба атаулары:
— «Білім беру саласындағы мемлекеттік қызметшілерді сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінен сақтау»;
— «Жер учаскелерінің жалдау мерзімін ұзарту»;
— «Адал Бизнес – Адал Қазақстан»;
— «Қызылорда қаласын ыстық су жүйесімен қамту».
Командалар сыбайлас жемқорлық тәуекелдер картасы бойынша жобаларын тиісті деңгейде қорғап, алғыс хаттарымен марапатталды.
Семинар барысында тыңдаушылар сұрақтар қойып, пікір алмасып, ұсыныстарын білдірді.